ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ.Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Жібек жолы ауылдық округ әкімінің аппарытының қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Сауран ауданы әкімі аппаратының “Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету” бөлімінің бас инспекторы Е.Өмірбек тексеру жүргізді. Онда қоғамдық бақылау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мекеменің ғимаратына кіруге қолайлы жағдай жасалған, яғни арнайы шақырту батырмасы бар, пандус орнатылған. Мекемеге келген қызмет алушыларға электронды түрде қызмет алуына «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Бұл өз кезегінде халық арасында қызметтерді электронды нысанда алу жөнінде насихаттау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуінің нәтижесінде электронды түрде қызмет алу үлесінің өсуіне ықпал етуде.
Аталған іс-шара барысында қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, нәтижесінде мекеме басшысына тиісті ұсыныстар берілді. Жұмыс тобының мүшелері тарапынан алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жүргізілетін болады.
