elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ҚОЙЫЛДЫ.

12 ноября, 2024
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Таным
0
ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ҚОЙЫЛДЫ.
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ҚОЙЫЛДЫ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 100-ден астам астам өтініш келіп түскен.
Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.
Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.
Мәселен, Департаментке Түркістан қаласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшінің тұрғын-үй кезегіне тұра алмай жүргендігі жайлы өтініші түсті.
Аталған өтінішке сәйкес, өтініш иесі мемлекеттік тұрғын үйге кезегіне тұру бойынша қызмет көрсетуші ұйымға өтініштер жолдап, кезекке қоюдан бас тарту алған.
_______________________________________________________________
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар тұрғын үй беру есебіне алынады.
_______________________________________________________
Департаменттің зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, азаматты тұрғын үй кезегіне қоюдан негізсіз бас тарту фактісі анықталып, кемшілікке жол берген ұйымның қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде, көрсетілетін қызметті алушының құқықтары толығымен қалпына келтірілді және заңға сәйкес тұрғын үй кезегіне қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Түркістан қаласы, Жаңа қала ықщам ауданы 32 көше 16 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе 8 (725 33) 5-94-72 нөмірі бойынша, сондай-ақ «Sapaly qyzmet» телеграмм боты арқылы хабарлама қалдыруыңызға болады.
Нет описания фото.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй кезегін реттеу жөніндегі тапсырмалары

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесін шешу және азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар маңызды тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалар халықтың әл-ауқатын арттыруға және тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған.

«5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы

Президент Тоқаев тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың мәселелерін шешу үшін «5-10-20» жаңа несиелік жобасын іске қосуды тапсырды. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна 5%, жылдық пайыздық мөлшерлеме 10%, несие мерзімі 20 жылды құрайды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 390 миллиард теңге бөлінді.

«Отбасы банк» институтын құру

Үкіметке «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде «Отбасы банк» атты тұрғын үйді орталықтандырып есепке алатын және тарататын толыққанды даму және қолдау институтын құру тапсырылды. Бұл қадам тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және оларға баспана беру үдерісін оңтайландыруға бағытталған.

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау

Президенттің тапсырмасы бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктері жетілдірілуде. Бұл санаттағы азаматтарға жеңілдетілген шарттармен баспана алу мүмкіндігі қарастырылған.

Тұрғын үй саясатын жетілдіру

Мемлекет басшысы тұрғын үй саясаты саласында бір мезетте жұмыс істейтін мемлекеттік операторлардың санын қысқарту қажеттігін атап өтті. Бұл қадам мемлекеттік компаниялардың санын оңтайландырып, тұрғын үй саясатын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй кезегін реттеу және азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Бұл шаралар азаматтардың баспана мәселесін шешуде тиімділікті арттырып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Алдыңғы пост

АУДАН АУМАҒЫНДА КҮЗГІ НАУҚАНДЫҚ КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛУДА.

Келесі жаңалық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫСТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі