elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ.

5 октября, 2024
in Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Қазақстан
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ.
Бүгін – Жалпыхалықтық референдум.
Қазақстан азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты шешім қабылдайды. Ол үшін АЭС-ті қолдап, немесе қарсылық білдіріп дауыс береді.
Түркістан облысының тұрғындары АЭС салуға қатысты референдумда белсенділік танытып жатыр.
Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Ал бұл – саяси өзгерістерге қатысы жоқ алғашқы референдум.
Референдум күні Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруге құқылы. Өңірде 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмыс істейді.
Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы №133 учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен.
Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр.
Барлық учаскелер талапқа сай жабдықталды. Мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы құрылғылар қойылған.
Дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Тұрғындарға референдум күні мен орны көрсетілген шақыру қағаздары, смс хабарламалар таратылды.
Дауыс беру нәтижелері 7-12 қазан аралығында жарияланады.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ САПАСЫН ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ 132 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛІП, РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі