elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН АВИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ.

20 декабря, 2024
in Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН АВИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН АВИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ.
Түркістан облысында көлік инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде шағын авиацияны дамыту мәселесі де назарға алынған. Бұл өңірге барыс-келісті жақсартып, туризмді дамытуда маңызды рөл атқарады. Осы бастама аясында шағын авиация талаптарына сай жаңа әуе бағыттарын ашу және аэродромдар салу жобалары қарастырылуда. Аталған мәселе облыс әкімдігінде талқыланды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы саланы дамытып, тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сонымен бірге Түркістандағы халықаралық әуежайдың әлеуетін көтеруді тапсырды.
– Түркістанның халықаралық әуежайының мүмкіндігі өте жоғары. Соны тиімді пайдалану керек. Бұл – бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын дамытады. Екіншіден, туризм саласы өркендейді. Ізденіңіздер, шетел тәжірибелерін зерделеңіздер. Шағын авиацияны дамыту бойынша да нақты ұсыныстар күтемін. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев авиация саласын жүйелеу бағытындағы жұмыстар мен жоспарларды баяндады. Бүгінде бірнеше әуе компанияларының өкілдерімен, сондай-ақ шағын авиацияны дамытуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Ішкі рейстерді қалыптастыру және туризмді дамыту мақсатында Түркістан облысында ішкі рейстерін ашу көзделген. Сонымен бірге «Түркістан-Ташкент», «Түркістан-Самарқанд» бағыттарында халықаралық рейс ашу мәселесі де талқыланып жатыр. Қысқа қашықтықтарға жолаушылар тасымалдау үшін 19 орындық шағын ұшақтарын пайдалану жоспарлануда. Шағын авиацияның қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту мақсатында аймақта шағын аэродромдар салу қажет. Бұл жобалар әлі талқыланып, қаржыландыру көздері зерделеніп, тиісті келіссөздер жалғасады.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ТЫҢ ТАРИХЫ – АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі