elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛІП, ОСЫ БАҒЫТТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ.

27 ноября, 2024
in Түркістан облысы, Экономика, Өнеркәсіп
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛІП, ОСЫ БАҒЫТТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

default

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛІП, ОСЫ БАҒЫТТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.
– Біздің өңірдің басты ерекшілігі – халықтың 80 пайызы ауылдарда тұрады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – өңірдің маңызды саласы. Біз ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, мал мен өсімдік өнімін терең өңдеу бағытында жұмыс жүргізудеміз. Өздеріңізге белгілі, елімізде жыл сайын ағын су тапшылығы байқалады. Түркістан облысына қажетті судың 70 пайызы көрші мемлекеттен келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығында заманауи су үнемдеу технологиясын ендіріп, жаңа дақылдар мен сорттарды өсіруге басымдық береміз. Су үнемдеу технологиясын 216,3 мың гектарға енгізіп, суармалы жерлердің үлесін 40%-ға жеткізу жоспарымыз бар. Биылдың өзінде бұл технология жалпы 50 мың гектарға дейін жеткізілді. Су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру бағыттында жалпы құны 11,7 млрд. теңгені құрайтын 3 өндіріс орындарын аштық, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығында өнім көлемі 958 млрд. теңгені құрап, өсім 105,8 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі бойынша облыс республикада жетекші орында тұр. Бұл бағытта нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2027 жылдарға жалпы 507 млрд теңге болатын 105 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы арқылы 8 мыңнан астам (8 346) жұмыс орны қалыптаспақ. Аймақта «BNK Group LTD» компаниясының құны 7 млрд. теңге құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты, құны 4,1 млрд. теңге болатын «14 мың гектар тамшылатып суару өндірісі», «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорнының құны 650 млн. теңгені құрайтын жылына 9 мың гектар тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісі толығымен іске қосылған. Оған қоса шетелдік инвестордың құны 2 млрд. теңге болатын 40 мың гектарға тамшылатып суару өндірісі келесі жылы жүзеге асырылады.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 10 АЙДА 888,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ.

Келесі жаңалық

САЙРАМ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДАҒЫ АУЫЛДАРҒА ГАЗ ЖЕТКІЗУШІ ҚҰБЫРЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі