elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

3 декабря, 2024
in Аймақ, Түркістан облысы, Экономика, Қоғам, Өнеркәсіп
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.
Бүгін Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті шаруалармен кездесіп, бірқатар мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады. Оларды жеке-жеке тыңдап, ұсыныс-пікірлерін ескерген облыс әкімі Сарыағаш ауданында өңірдің көкөніс өндірушілерінің көтерме-бөлшек сауда орталығын ашудың маңыздылығын айтты. Онда қажетті құжаттарды рәсімдеуге, өнімге тапсырыс берушілермен байланыс орнатуға, тауарды делдалдарсыз және алыпсатарларсыз арзан бағамен сатуға жағдай жасаудың қажеттілігін атап өтті. Бұл диқандар үшін өте маңызды. Жылыжай иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді.
– Еңбек өнімділігіне, жаңа тех­но­логияларды енгізуге, сапалы тұ­қым мен заманауи техниканы сатып алу­ға ерекше назар аудару қажет. Үздік агроқұрылымдар тәжірибесін бөлісу мақсатында арнайы семинарлар өт­кізу, кеңселер жүйесін құру жө­ніндегі ұсы­ныстарды қолдаймын. Басты міндет – импортты төмендету және өңіріміз өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуге барынша қол жеткізу, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Республикада салынған жылыжайлардың 70%-ы Түркістан облысына тиесілі. Жылыжайдың жалпы көлемі 1640 гектардан асады. Өткен жылы 150 мың тонна өнім жиналып, республика халқының көкөніске деген қажеттілігінің 42 пайыздан астамы қамтамасыз етілді.
Инвесторлар соңғы үш жылда субтропикалық банан, лимонды жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті.
Жүйелі атқарған жұмыстың нәтижесінде фермерлік жылыжайлардың стандарты әзірленіп, 800-ден астам жылыжай сертификатталды. Жылыжай шаруашылықтарын субсидиялаудың жаңа ережесі бекітіліп, өндірушіден тікелей көмір сатып алу келісілді.
Айта кетейік, шаруалармен кездесу Қабланбек ауылында орналасқан «Жабай ата» шаруа қожалығының жылыжайында өтті. Бұл жылыжайдың өнімдері облысымызбен қатар өзге қалаларға да жіберіледі. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.
Алдыңғы пост

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 107 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ ГАЗҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі