elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН: КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР ДИРЕКТОРЛЫҚҚА КОНКУРССЫЗ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ.

4 декабря, 2024
in Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАН: КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР ДИРЕКТОРЛЫҚҚА КОНКУРССЫЗ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ТҮРКІСТАН: КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР ДИРЕКТОРЛЫҚҚА КОНКУРССЫЗ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ.

Түркістан өңірінің үздік педагогтары басшылық қызметке конкурссыз тағайындалады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша 43 түркістандық педагог кадрлық резервке өтті. Олар көшбасшылық, кәсіби және басқарушылық дағдыларын жетілдіріп, арнайы сертификатқа ие болды. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев резервшілермен кездесті.

— Білім беру саласында оң өзгерістер көп. Бірқатар бағыттарда талап күшейді. Былтырдан бастап мектеп директорлары тікелей эфир арқылы ашық жүйеде тағайындалып келеді. Бұл бастама сыбайластық жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және азайтуға, түрлі кедергілерді тоқтатуға, әділетсіздікке тосқауыл қоюға және бірінші басшылық лауазымына лайықты азаматтардың қабылдануына септігін тигізіп жатыр. Кәсіби педагог кадрларының басқаруы – білім сапасының артуына тікелей байланысты. Ендігі кезекте кадрлық іріктеуге қатысып, сертификат алған педагогтарды яғни Сіздерді конкурстық рәсімсіз басшылық қызметке тағайындай аламыз. Тәжірибелеріңіз бен дарындарыңызға үміт артамыз. Сенімді ақтайды деген ойдамыз. Осылай кезең-кезеңімен кадр мәселесін шешеміз. Өңір әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен ұстаздаға ерекше құрмет көрсетілуде. Бұл жұмыстар одан әрі жанданады, — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Жиында облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова қатысушыларды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді. Резервке өткен педагогтар директордың орынбасары бола алады. Ал орынбасарлық қызметте жүрген көшбасшылар мектеп директорлығына тағайындалады.

Оқу-ағарту министрілігі тарапынан білім сапасын арттырудың бес негізгі бағытын айқындалған. Оның ішінде тиімді менеджментті дамытуға және кадрлық резервті құруға ерекше басымдық берілген. 6 айға созылған процесс 5 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда үміткерлер құзіреттерді бағалау бойынша тестілеу, жетекші мектептердегі тағылымдама, қорытынды бағалау және республикалық комиссияда әңгімелесуден өтті. Іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2023 жылы 26 педагог резервте болған. Оның 23-і бос лауазымға конкурстық рәсімсіз орналасқан. Биыл жобаға қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көбейген.

Алдыңғы пост

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «КӨТЕРЕ АЛМАЙТЫН ШОҚПАРДЫ БЕЛІҢЕ БАЙЛАМА!»

Келесі жаңалық

"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" республикалық акциясы аясында Ордабасы ауданында кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі