elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА.

22 ноября, 2024
in Аймақ, Түркістан облысы, Экономика, Өнеркәсіп
0
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сайрам ауданына барып, бірқатар нысандарды аралады. Аудан әкімі Арман Сәбитов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес агроаймаққа бөлінген 90 га бойынша атқарылатын жұмыс жоспарын ұсынып, жобаларды таныстырды.
Аралау барысында облыс әкімінің орынбасары «Gen Group Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенін кеңейту бағытында атқарылған тірліктермен де танысты. Банан өсіруді жолға қойған серіктестік қосымша 6 гектарға жылыжай салып, қызанақ және құлпынай өсіруді қолға алмақ.
«Жоба толық іске асқан жағдайда жылына 3 мың тоннадан астам қызанақ, 130 тоннадан астам құлпынай жиналады дейді ЖШС басшысы», Тимур Утешев.
«Korkem» сауда белгісімен танымал «Наурыз-5» ЖШС кәсіпорнын аралау барысында серіктестік басшысы Джурат Игамбеков жеміс қабылдау, көкөністерді өңдеу, қалбырлау және нарыққа шығару барысында кездесетін өзекті мәселелерді жеткізді.
«Kaz Eco Meat» ЖШС ірі қара мал бордақылау және мал сою кешенінің құрылысын 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен арнайы қондырғылар сатып алынған. Ал «Nurym Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрама жем өндіретін зауытты жыл соңына дейін іске қоспақ.
Нұрбол Тұрашбеков кәсіпкерлерге мәселелері мен ұсыныстарының заң аясында зерделенетінін атап өтті. Әкімдік тарапынан атқарылатын жұмыстар кезеңімен жүзеге асатынын айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Алдыңғы пост

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚҰНЫ 68 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі