elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН 23 ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛДЫ.

20 ноября, 2024
in Түркістан облысы, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН 23 ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛДЫ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН 23 ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛДЫ.
Түркістан облысында су тасқынының алдын алу барысы тұрақты бақылауға алынған. Арнайы жоспар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгін бұл мәселе облыс әкімдігінде кезекті рет талқыланып, дайындық пысықталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға қауіпсіздік шараларын толық атқарып, каналдар мен су көздерін бақылауда ұстауды тапсырды.
– Түркістан облысына көктем ерте түседі. Тау қары еріп, суы таситын аймақтарда қазірден дайындықты күшейтіп, арықтар мен атыздарды уақтылы тазалау керек. Каналдардың бәрі тексеріліп, аудан, қала әкімдіктері жауапты басқарма мен департаментпен бірлесе жұмыс атқарсын. Жоспарға енгізілген су нысандары мен су қоймалары жөнделіп, қорғаныс дамбалары реттелуі тиіс. Қолда бар арнайы техниканы қолданып, су тасқыны қауіпсіздігін нығайтыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте ТО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғаныс полковнигі Әскер Сарбатов атқарылған жұмыстарды баяндады. Өңірде «2024-2025 жылғы қыс-көктемгі су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар» жоспарындағы 39 іс-шараның 23-і толығымен аяқталып, 5 іс-шара бойынша жұмыстар жалғасуда. Нәтижесінде 66,1 шақырым қашыртқы арналар механикалық тазалаудан өтті. 14 шақырым қашыртқы арна күл-қоқыстан тазартылса, 350 метр канал бетондалған. 1,9 шақырым арна түзетіліп, қазылды. Оған қоса 3 дана тоспа орнатылып, 4 жол асты құбыры ауыстырылған.
Жалпы облыста инженерлік жоспардан тыс 461 шақырым арық (саны –1203), 654 шақырымды құрайтын каналдар (саны –165), 30 шақырым өткелдер тазалаудан өткізілді. Аталған жұмыстарды жүргізуге 263 техника жұмылдырылған. Су тақыны кезеңіне 109 мың дана қап, 1416 тонна инертті материал дайындалды және төтенше жағдай қауіпі туындағанда тамақ мен тиісті қажеттіліктер үшін ірі кәсіпкерлермен 67 меморандум түзіліп, 141 тонна жанар — жағармай дайындалған.
Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Санжар Бүрлібаевтың айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасымен су тасқынына қарсы 23 іс-шара толығымен аяқталған. Аудандарды техникамен қамту, өзен арналарын бұру, реттеу, тереңдету жұмыстары жүрген. Су басу қаупі бар аймақтар түгел бақылауға алынып, тиісті қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылған. Кейбір су нысандарын жөндеу, реттеу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалған.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨЗІНДІК КІРІСТЕР МЕН САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі