elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ.

12 ноября, 2024
in Білім, Таным, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ.
Түркістан облысында отбасын қолдау орталықтары қызметкерлері және мобильді топтар үшін республикалық оқыту-семинары басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қазақстан бойынша 2024 жылдың 15 қазан мен 13 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Түркістан қаласында 12-15 қараша күндері Шымкент қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстары өкілдерінің қатысуымен оқыту-семинарын өткізу жоспарланған.
Дәрістің ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Отбасы саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Іңкәр Тұрсын, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова арнайы қатысып, сәттілік тіледі.
Тренингтердің мақсаты – қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға сапалы көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестіру барысында қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігінің сапасын жақсарту. Іс-шара аясында қатысушылар отбасылармен жеке жұмыс жоспарларын құру, практикалық дағдыларын қалыптастыру, диагностика, жоспарлау және көмек көрсету мониторингін жақсартуды меңгереді. Жоспарға сәйкес теориялық және практикалық сабақтар оқытылады. Біліктілікті арттыру курсын «Qoldau» ҚБ сарапшысы, оқыту тренері Фарида Сағындық өткізуде.
Семинарға үш аймақтан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс жасайтын әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, ішкі істер салаларының мамандары, балалар қүқықтары жөніндегі уәкілдері, кәмелетке толмаған балалар, әйелдер істері мен отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылары мен жергілікті жерлерде құрылған мобильдік топтардың жетекшілері және өкілдері келді.
Жалпы елімізде 43 отбасын қолдау орталығы бар. Оның төртеуі Түркістан өңірінде құрылған. Бүгінде Жетісай, Келес Шардара, мен Сайрам аудандарында «Отбасын қолдау орталығы» КММ ретінде ашылып, азаматтарға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан 9 «Отбасын қолдау секторы» құрылған.
Аталған орталықтардың негізгі қызметі — мемлекеттің отбасылық саясат шараларын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру.
Жалпы облыстағы орталықтар мен секторларда 130-ға жуық маман жұмыс істейді. Онда бүгінге дейін 3400-ден астам адамға көмек көрсетілген. Орталықтарда аз қамтылған, көп балалы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған аналарға денсаулық сақтау мәселелері, жұмыспен қамту, мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік төлемдер, тұрғын үйге кезекке тұру, сертификаттар алу, құқықтық және медиаторлық кеңес, материалдық көмек, психологиялық қолдау, түрлі психологиялық және мотивациялық тренингтер, өзге де оқу курстары, шағын кәсіп ашу, грант алу, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын қолдану және басқа да шаралар ұйымдастырылды.
Алдыңғы пост

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫСТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАРДЫ САЛУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі