elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ САНЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР.

30 октября, 2024
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ САНЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ САНЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР.
Түркістан облысында жалпы 362 287 зейнеткер бар. Оның ішінде: 186 489 азамат жасына байланысты зейнетақы алушы болса, 175 198-і базалық зейнетақы алушы. Сонымен қатар, өңірдің 346 238 азаматы жәрдемақы алушылар қатарында. Бұл жайында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бегман Нұрмаханов брифингте мәлімдеді.
«Түркістан облысы елімізде көпбалалы отбасылар көптігінен көш бастап тұр. Бүгінгі таңда өңірде 120 549 көпбалалы отбасы жәрдемақы алады. Сондай-ақ, 64 354 көпбалалы анаға департамент жәрдемақы белгілеген. Бұдан бөлек, 75 262 облыс тұрғыны мүгедектігі бойынша жәрдемақы алса, 21 839 азамат асыраушысынан айрылу себебінен мемлекеттік жәрдемақы алады» — деді спикер.
Сонымен қатар, департамент басшысы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу жұмыстарына тоқталды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 1 қазан айындағы көрсеткіш бойынша облыста мүгедектігі бар адамдардың саны 100 029-ға жетіп, республикадағы жалпы мүгедектер санының 13,7%-н құрады. Мүгедектігі бар адамдардың 15 189-ы кәмелет жасына толмағандар болса, қалған 84 840-і 18 жастан асқан облыс тұрғындары.
Жыл басынан бері департамент тарапынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша барлығы 196 тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру қорытындысымен 51 нұсқама беріліп, жалпы 160 нысанға 34 млн. 187 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Оның 33 млн. 228 мың теңгесі өндірілген.
Алдыңғы пост

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ЖЕТІСАЙДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК»

Келесі жаңалық

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫ АЗАМАТТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі