elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ ЖҮЗЖЫЛДЫҚТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ТУРИСТІК НЫСАНҒА АЙНАЛАДЫ.

18 октября, 2024
in Басты жаңалықтар, Мәдениет, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ ЖҮЗЖЫЛДЫҚТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ТУРИСТІК НЫСАНҒА АЙНАЛАДЫ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДАҒЫ КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ ЖҮЗЖЫЛДЫҚТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ТУРИСТІК НЫСАНҒА АЙНАЛАДЫ.
Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» атты ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары кезекті рет пысықталды. Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған-ды. Жұмыстар ЮНЕСКО-ның қатаң талаптарына сай жүргізілуде.
Аталған жобаны жалғастыру бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды сәулет, туризм, мәдениет саласына жауапты басшылар мен осы жобаға өз ұсыныстарын енгізген компания өкілдерімен кеңес өткізді. Жиында Күлтөбе қалашығы маңынан заманауи туристік нысандар салу, Қаңлы дәуірінен сыр шертетін ескерткіштер мен жәдігерлерді жұртшылық назарына ұсыну мәселесі талқыланды.
Дархан Сатыбалды бұл туристік нысан жалпы саяхатшылар үшін де, балалар үшін де тартымды әрі мағыналы болуы керектігін ескертті. Тарихшылармен, археологтармен ақылдаса отырып жұмыс жүргізуді тапсырды.
Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынады. 3D форматының жетістіктері қолданылады. Нысан түнде жарқырап, ою-өрнектермен безендіріледі деп күтілуде. Қаңлы дәуірі, Ахмет Ясауи заманы, Қазақ хандығы кезеңі және өзге де тарихи жүзжылдықтарға қатысты деректер түрлі тәсілде ұсынылып, саяхатшыларға қазақ тарихы таныстырылмақ.
Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады. Осы маңнан табылған археологиялық жәдігерлер туралы да мағлұмат беріліп, қазақ мәдениетінен, қолөнерінен сыр шертетін дүниелер жұртшылық назарына ұсынылады деп күтіліп отыр. Жобаны зерделеу, толықтыру жұмысы жалғасады.
Алдыңғы пост

“ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ” АТТЫ ТАҚЫРЫПТА КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ.

Келесі жаңалық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі