«ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАР» сайысы
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша құзырлы мемлекеттік органдармен бірлескен 2025 жылдың мамыр айының 20-жұлдызында Ш.Қанайұлы атындағы 2 жалпы білім беретін мектеп базасында “Жас жол инспекторлары” атты тақырыпта қалалық байқау өткізілді.
Байқауға қалалық полиция басқармасының жергілікті бөлім бастығы Бағлан Янкин,Қалалық Ішкі Істер бөлімінің полиция подполковнигі Тоқберген Абрахман Есентайұлы, Қалалық полиция бөлімінің қызметкері Рүстемов Есенбек Сембекұлы , Қалалық білім бөлімінің әдіскері Омаров Ерлан Мұратұлы қатысты.
Байқауда оқушылар жолда жүру ережелерін сақтауға,жолда жүру ережелері және жол белгілері туралы білімдерін кеңейтумен қатар, ойындық тапсырмалар арқылы тәжиірбе алмасты.
Байқауда Ә.Молдағұлова атындағы 19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицей «Жас сақшылары» жүлделі ІІІ орынды иеленді.Жеңістеріңіз құтты болсын!

