2025 жылдың 23 мамыр күні Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясында оқушылардың патриоттық рухын нығайту, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында “Білімім – Отанымa” атты бірыңғай тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға:
Қазақстан Республикасының даму жолы мен жетістіктері туралы ақпарат берілді;
Білімнің мемлекет болашағындағы рөлі мен әр оқушының азаматтық жауапкершілігі түсіндірілді;
“Отан – отбасынан басталады” деген ұғым негізінде өз елін сүю, қоршаған ортаға қамқор болу, елге қызмет ету туралы мазмұнды әңгімелер қозғалды.
Оқушылар белсенділік танытып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін эссе, өлең, көркем сөз арқылы жеткізді. Тәрбие сағаты әр сыныпта жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Сол шығармалардың бірі:
Білімім – Отанымa!
Білім – адам өміріндегі ең құнды байлықтардың бірі. Ол – тұлғаның дамуына, елдің өркендеуіне бастар жол. Мен үшін алған әрбір білімім – туған елім Қазақстанның игілігі үшін жасалған қадам. Себебі, Отанды сүю – бос сөзбен емес, нақты іспен, адал еңбекпен көрінеді.
Мен оқып, үйреніп, дамуға ұмтылған сайын, өз елімнің болашағына үлес қосып жатқанымды сезінемін. Қазіргі таңда ғылым мен технология қарыштап дамып келеді, ал бұл даму – білімді ұрпақтың арқасы. Ертеңгі күні маман иесі болсам, алған білімімді халқымның қажетіне жаратып, елімнің өркендеуіне үлес қосқым келеді.
Отанға деген шынайы сүйіспеншілік – сапалы білім алу, еңбек ету және ұлтқа адал қызмет көрсетумен өлшенеді. Сондықтан мен үшін білім алу – жай ғана міндет емес, бұл – Отан алдындағы борышым.
“Білім – болашаққа жол! Ал сол болашақ – біздің Отанымыз!”