
Апталық барысында әр пән мұғалімі өз факультативі мен үйірмесінің ерекшелігін көрсету үшін түрлі ашық сабақтар, шеберлік сабақтары мен көрмелер ұйымдастырды. Мысалы, математика пәнінің мұғалімдері логикалық есептер байқауын өткізсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үйірме жетекшілері көркем сөз оқу сайысын ұйымдастырды. Сондай-ақ ағылшын тілі үйірмесі бойынша оқушылар ағылшынша қойылым қойып, өз шеберліктерін көрсетті.
Технология, бейнелеу өнері және музыка пәндері бойынша да қызықты іс-шаралар өтті. Оқушылар қолөнер бұйымдарын жасап, сурет салып, музыкалық аспаптарда өнер көрсетті. Апталықтың тағы бір ерекшелігі – әр үйірме өз жұмысын таныстыратын бұрыш әзірледі. Бұл бұрыштарда оқушылардың жасаған жұмыстары, фотосуреттері мен шығармашылық жобалары қойылды.
Апталық соңында белсенді оқушылар мен жетекшілер марапатталып, мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табысталды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, мектеп өміріне деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.
