
Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар — бұл отбасындағы әрбір мүшенің бойында қалыптасатын, өмір бойы сақталатын адамгершілік, рухани, мәдени және ұлттық қасиеттердің жиынтығы. Бұл құндылықтар адамның мінез-құлқын, өмірлік ұстанымдарын, қоғаммен қарым-қатынасын айқындайтын негіз болып табылады.
Адамның алғашқы тәрбиесі отбасында басталады. Сол себепті отбасы — баланың алғашқы мектебі, ал ата-ана — алғашқы тәрбиешісі. Отбасында бала ата-анасының, ата-әжесінің, бауырларының қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын көріп, соны бойына сіңіреді. Бұл процесте отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары ерекше рөл атқарады.
Мұндай құндылықтарға мейірімділік, сыйластық, жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отансүйгіштік секілді қасиеттер жатады. Мысалы, бала отбасында үлкендерге сәлем беруді, бір-біріне көмектесуді, кешірімді болуды үйренсе, бұл оның болашақ өмірінде де тұрақты мінез-құлыққа айналады.
Ұлттық құндылықтар да отбасы тәрбиесінде маңызды орын алады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тілі мен діні — ұлттың рухани байлығы. Отбасында балаға қазақы тәрбие беру арқылы оның ұлттық болмысын қалыптастырамыз. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық мақалы осыған дәлел.
Сондай-ақ, қазіргі замандағы отбасы тәрбиесінде технология, білім мен мәдениеттің де өзіндік орны бар. Алайда осы жаңашылдықтар дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ығыстырмауы тиіс. Керісінше, ата-бабадан қалған асыл мұраларымызды сақтай отырып, заман талабына сай баланы тәрбиелеу — басты міндет.
Қорытындылай келе, отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар — әр адамның тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын іргетас. Қандай қоғам болмасын, берекелі отбасы мен оның салауатты тәрбиесіне мұқтаж. Ал бұл құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырса, ұлттың болашағы да жарқын болмақ.
Жиналыс соңында биылығы оқу жылында үздік оқыған оқушылар мен спорт, өнерден, олимпиадалардан жүлделі орын алған оқушыларымыздың ата-аналары марапаттады.
