Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрірінің 2024 жылғы 30 шілдесінде № 194 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының 2-қосымшасындағы жоспарына сәйкес «Х.А.Яссауи атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білімім- Отаныма!» бірыңғай сынып сағаты 1-11 сыныптар арасында өткізілді.Осыған орай оқу жылын қорытындылап, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін білім алушылар арасында эссе байқауы ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттарда білім алушылардың 2024-2025 оқу жылындағы жетістіктері талданды. 2025 жылдың 12-20 мамыр аралығында 1-4 сыныптар бойынша «Таза Қазақстан» тақырыбында, 5-9 сыныптар «Заң және тәртіп» тақырыбында, 10-11 сыныптар «Адал азамат» тақырыптарда эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. «Үздік эссе» жеңімпаздары:
«Таза Қазақстан» тақырыбы бойынша
1. 2-в сынып оқушысы Фазилханова Рабия
2. 3-г сынып оқушысы Шехризат
3. 4-в сынып оқушысы Хусанова Маржона
«Заң және тәртіп» тақырыбы бойынша
1. 5-а сынып оқушысы Байбеков Т
2. 6-б сынып оқушысы Абдумуталибова Руза
3. 7-в сынып оқушысы Мадиханова Севинч
4. 8-в сынып оқушысы Тухтанова Дурдона
5. 9-ә сынып оқушысы Ирискулова Муслима
«Адал азамат» тақырыбында
1. 10-в сынып оқушысы Султанова Самира
2. 11-ә сынып оқушысы Мухаммедова Азиза
Эссе — бұл белгілі бір тақырыпқа жазылған қысқаша шығарма. Ол автордың жеке ойы мен көзқарасын білдіреді. Эссе жазу барысында жазушы өз пікірін дәлелдеуге тырысады, мысалдар келтіреді және оқырманды ойландыратын сұрақтар қояды. Эссе көбіне ғылыми, әдеби, әлеуметтік немесе философиялық тақырыптарға арналады.
Эссенің басты ерекшелігі — оның еркін құрылымы мен шығармашылық бағыты. Эсседе кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды болуы мүмкін, бірақ бұл құрылым қатаң сақталмауы мүмкін. Жазушы өз ойын еркін жеткізіп, тілдік көркемдеуді қолдана алады.
Эссе арқылы адамның сыни ойлау қабілеті, өзіндік пікірі және жазу шеберлігі көрінеді. Сонымен қатар эссе — оқушы мен студенттің ойлау деңгейін, тақырыпты қаншалықты терең түсінетінін бағалаудың бір жолы.
Қорыта айтқанда, эссе — бұл қысқа, бірақ мазмұнды шығарма, онда автор өз ойын ашық айтып, оқырманды белгілі бір мәселеге ой жүгіртуге шақырады