
Түркістан облысы,Түркістан қаласы, 21мамыр – Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылы М.Әуезов атындағы ЖББМ ұйымдастыруымен дарынды оқушыларды марапаттауға арналған салтанатты форум өтті. Шараның мақсаты – оқу озаттары мен ғылыми, шығармашылық, спорттық жетістіктерімен ерекшеленген оқушыларды марапаттап, олардың жетістіктерін қоғамға таныту және қолдау көрсету.
Форумға ата-аналар комитетінің төрағасы Абуов Бауыржан, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Шара барысында түрлі олимпиадалар, ғылыми жобалар, спорттық жарыстар мен өнер байқауларында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар алғыс хаттармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Форум аясында оқушылардың шығармашылық жұмыстары қойылған көрме ұйымдастырылып, музыкалық және хореографиялық өнер көрсетілді. Сонымен қатар, үздік оқушылардың табысқа жету жолы туралы мотивациялық баяндамалар мен шеберлік сағаттары өтті.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар дарынды жастарды қолдау жұмыстары жалғасатынын атап өтті және мұндай форумдардың жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналатынын жеткізді.
