elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай үйде оқитын ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды мерекемен құттықтап,көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы үйлеріне барып сыйлықтарын табыстап қайтты.

30 мая, 2025
in Аймақ, Білім
0
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай үйде оқитын ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды мерекемен құттықтап,көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы үйлеріне барып сыйлықтарын табыстап қайтты.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
 А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры А.Алдиярова, педагог-психологтары А.Алимова мен Б.Камалов мен педагог-ассистенті К.Алдиярова 2025 жылдың 30 мамыр күні «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай үйде оқитын ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды мерекемен құттықтап,көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы үйлеріне барып сыйлықтарын табыстап қайтты.
Бұл іс-шара балаларға қуаныш сыйлап, мейірімділік пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болды. Болашақ ұрпақ тыныштық пен келісімде өмір сүріп, Отанын сүйетін, елінің жарқын болашағына үлес қосатын парасатты азаматтар болып қалыптасуына тілектеспіз! Балалардың дені сау болып, жүздерінен әрдайым күлкі кетпесін!Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – барлық оқушыға тең мүмкіндік жасау, олардың ерекшеліктерін ескере отырып сапалы білім беру. Осы орайда, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар (ЕББҚО) мәселесі аса маңызды. Бұл санатқа есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған, тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар, психикалық дамуында ерекшелігі бар, сонымен қатар, зияткерлік немесе мінез-құлық ауытқуы бар балалар жатады. Мұндай балаларға білім беру барысында арнайы әдістер мен тәсілдер, жеке бағдарлама, білікті мамандар мен арнайы құрал-жабдықтар қажет.

ЕББҚО-ға инклюзивті білім беру жүйесі аясында ерекше көңіл бөлінуде. Инклюзивті білім беру – бұл барлық балалардың бірге оқуы, әлеуметтік ортада өздерін жайлы сезінуі және әрқайсысының даму мүмкіндігін толық ашуға жағдай жасау. Бұл бағытта мектептерде логопед, дефектолог, психолог мамандар жұмыс істейді, арнайы оқу жоспарлары жасалады. Сонымен қатар, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, олардың баласының оқуына белсенді қатысуы да аса маңызды.

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында заңнамалық негіздер қалыптасып, түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысалы, «Білім туралы» Заңда ерекше білім алуды қажет ететін балалардың құқықтары нақты көрсетілген. Мемлекет тарапынан осындай балаларды қолдауға арналған ресурстық орталықтар, түзету кабинеттері ашылып, мамандар даярлығы жолға қойылуда.

Дегенмен, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың толыққанды білім алуына кедергі келтіретін мәселелер де бар. Атап айтсақ, кей мектептерде инклюзивті білім беру талаптарына сай инфрақұрылым жеткіліксіз, арнайы мамандар тапшылығы байқалады. Кей жағдайда қоғамда мұндай балаларға деген түсіністік пен қолдаудың аздығы да олардың әлеуметтенуіне қиындық туғызады.

Сондықтан, бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылып, барлық тараптар – мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар мен мемлекет өзара тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. ЕББҚО үшін қолайлы орта қалыптастыру – тек білім беру жүйесінің емес, бүкіл қоғамның міндеті. Мұндай балаларға қолдау көрсету – адамгершілік пен гуманизмнің айғағы. Олар да толыққанды білім алуға, өз қабілетін ашуға және қоғам өміріне белсенді араласуға лайық.

Алдыңғы пост

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Келесі жаңалық

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 30 мамыр күні 11-сынып оқушылары үшін жоғары орта мектеп курсын аяқтау мақсатында Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) қорытынды емтихан өткізілді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі