elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Білім

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектебінде 26 мамыр күні қазақ тілі пәнінен аралық емтихан басталды.

26 мая, 2025
in Білім, Түркістан облысы
0
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектебінде 26 мамыр күні қазақ тілі пәнінен аралық емтихан басталды.
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектебінде 26 мамыр күні қазақ тілі пәнінен аралық емтихан басталды. Оқушылар өз білімдерін, тілдік дағдыларын және грамматикалық ережелерді қаншалықты меңгергендерін дәлелдеуде.
Емтихан оқушының білімін бағалаумен қатар, жауапкершілік пен тәртіпке баулитын маңызды кезеңдердің бірі.
Емтихан алудың басты мақсаты ана тілімізді құрметтеу, сауатты сөйлеу мен жазудың маңыздылығын сезіндіру.
Мемлекеттік тілімізді құрметтеп, оны жетік меңгеру — әрбір жас ұрпақтың парызы.
Әділдік пен тәртіп сақталған бұл емтихан оқушылар үшін үлкен тәжірибе, ал ұстаздар үшін кәсіби жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, ұлттық мәдениет пен руханияттың негізі. Ол – қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, дүниетанымын, ұлттық болмысын танытатын баға жетпес мұра. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – еліміздегі бірлік пен татулықтың, тәуелсіздік пен егемендіктің тірегі.

Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Оның түп-тамыры ежелгі түркі тілдерінен бастау алады. Тілдің тарихы терең, дамуы сан ғасырларға созылған. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев сынды ұлы тұлғалар қазақ тілінің байлығын, көркемдігін, тереңдігін өз шығармаларында көрсете білді.

Қазақ тілі – көркем әрі бейнелі тіл. Оның сөздік қоры өте бай, әрбір ұғымды сипаттайтын дәл, нақты сөздер бар. Мысалы, қазақ тілінде жылқы малының түр-түсін, мінезін, жасын сипаттайтын ондаған атау кездеседі. Бұл – тілдің көркемдік ерекшелігін, халықтың табиғатпен тығыз байланысын айғақтайды.

Тіл – ұлттың жаны. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалады. Сондықтан қазақ тіліне деген құрмет әр азаматтың парызы. Елімізде қазақ тілін дамыту бағытында көптеген істер атқарылуда. Мектептерде, жоғары оқу орындарында қазақ тілі оқытылады, мемлекеттік мекемелерде іс қағаздары қазақша жүргізіледі.

Қазіргі таңда жастар арасында қазақ тіліне қызығушылық артып келеді. Көптеген кітаптар, фильмдер, телебағдарламалар қазақ тілінде жарық көруде. Бұл – қуантарлық жайт. Қазақ тілін дамыту – тек тіл мамандарының ғана емес, барша халықтың міндеті.

Қорытындылай келе, қазақ тілі – ұлттың айнасы, елдігіміздің белгісі. Оны сақтау, дамыту – келер ұрпақ алдындағы борышымыз. Ана тілімізді қадірлеп, құрметтеп, таза сөйлеу арқылы біз өз болашағымызға сенімді қадам жасаймыз.

Барша оқушыларға сәттілік тілейміз!

Алдыңғы пост

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Бабайқорған жалпы білім беретін мектебінде 26 мамыр күні қазақ тілі пәнінен аралық емтихан басталды.

Келесі жаңалық

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. "Мектеп Жаңа Иқан" ЖШС жалпы орта білім беру мекемесінің жас зерттеушілері Республикалық ғылыми жоба байқауының аудандық кезеңінде тамаша нәтиже көрсетті!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі