ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК! 2025 жылдың 19 маусым күні Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11-сынып бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Куанышбаева Гулнур Бердалықызы жолдады.
Биылғы оқу жылында 11-сыныпты үздік аяқтап, «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері атанған түлектеріміз:
– Амандуллаева Ясмина,
– Икматуллаева Мохидил,
– Пазилханова Чарос,
– Ташкенбаева Дилнура
Сонымен қатар, Каримжанова Камола – «Үздік аттестат» иегері атанды.
Құттықтау сөздерін:
– директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарсенбаев Алибек Жандуллаұлы,
– 11-сынып жетекшілері,
– ұстаздар мен ата-аналар,
– сондай-ақ мектеп бітіруші түлектеріміздің өздері де білдіріп, ұлағатты ұстаздарына алғыстарын айтып, сыныптастарына жүрекжарды тілектерін арнады.
Салтанатты жиын жоғары деңгейде өтіп, әрбір қатысушыға ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара соңында ата-аналар мен оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, мейрамханаларда жаппай отырыстар ұйымдастырмау туралы ескерту жасалды.
Бұл ерекше сәт – барша түлек үшін ұмытылмас естелікке айналды!
