ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ .Мектебіміздің озат оқушысы Палман Ерасыл — республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері атанып қана қоймай, ҰБТ-дан жоғары балл жинап, биік белесті бағындырды!
Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің ішкі грантын жеңіп алған оқушымыз өзінің білімін тағы бір дәлелдеді.
Бұл — талмай ізденудің, тынымсыз еңбектің, білімге деген құштарлықтың нақты жемісі. Оқушымыздың бұл жетістігі — мектеп тарихындағы жарқын сәттердің бірі!
Біз сенімен мақтанамыз! Жеңістерің көп болсын, асқар армандарың орындалсын!
