elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ФАП ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ.

10 июня, 2025
in Аймақ, Әлеумет
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ФАП ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
 ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ФАП ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ.
Бүгін аудан әкімі Аскар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев Азатылық ауылдық округінде және Машат ауылдық округіне қарасты Қызылбастау ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) нысандарының құрылыс барысымен танысып қайтты.
Медицина инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында қолға алынған бұл жобалар ауыл тұрғындарын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтуды көздейді.
Қазіргі таңда қос нысанда да құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан басшысы жұмыс барысын бақылап, мердігер мекемелерге сапа мен мерзімге қатысты нақты тапсырмалар берді.
– Әрбір елді мекенде қолжетімді медицина болуы – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан бұл жобалар аудан үшін маңызды. Құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтап, халық игілігіне беру – басты талап, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, аудан әкімі Асқар Естібаев Мичурин ауылдық округіндегі және Жаскешу ауылдық округіне қарасты Жанұзақ ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салуға, сонымен қатар, Пістелі елді мекеніне де қолайлы жер учаскелерін қарау мақсатында аталған ауылдарға барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Сапар барысында әкім жергілікті әкімдік өкілдерімен және сала мамандарымен бірге ФАП құрылысына тиімді орналасатын аумақтарды аралап көрді.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау жолында маңызды рөл атқарады.
Аудан басшысы Асқар Сұлтанұлы жер телімдерінің инфрақұрылымға қолжетімділігін, тұрғындарға ыңғайлылығын және санитарлық талаптарға сәйкестігін басты назарға алу қажеттігін атап өтті.
Зерделеу қорытындысы бойынша тиісті бөлімдерге нақты ұсыныстар әзірлеп, жобалау жұмыстарына кірісу туралы тапсырмалар берілді.
Бұл бастама шалғай ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтуға бағытталған аудан әкімдігінің жүйелі жұмыстарының жалғасы болып табылады.
Аталған ФАП-тар іске қосылғаннан кейін, шалғай ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық көмекке жедел әрі қолжетімді түрде қол жеткізуіне жол ашылады. Бұл – аудан халқының өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.
Алдыңғы пост

Мектеп жанындағы жазғы демалыс және сауықтыру лагерінің жабылуы салтанатты түрде өтті.

Келесі жаңалық

ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІ САНК-ПЕТЕРБУРГТЕ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі