elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ.

30 мая, 2025
in Басты жаңалықтар, Таным, Түркістан облысы, Әлеумет
0
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ.
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ.
2025 жылғы 29 мамырда Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Нұрлыбаев Ержан Шәкірұлының төрағалығымен «Ана мен бала денсаулығын сақтау – перинаталдық көмекті жетілдірудің өзегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсен Дәулетұлы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы, сондай-ақ, еліміздің 20 өңірінен келген денсаулық сақтау басқармалары басшыларының орынбасарлары мен перинаталдық орталықтардың директорлары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты ҚР ДСМ «Ана өлімін төмендету және аналарға медициналық көмекті жетілдіру бойынша 2025-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында жүргізіліп жатқан шараларды талқылау және өңірлер арасындағы үздік тәжірибе алмасу. Отырыста медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру, кадрлық әлеуетті нығайту, инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны жаңарту, инфекциялық бақылауды жетілдіру, цифрландыру және телемедицинаны дамыту, өңірлік үйлестіру мен тәжірибе алмасу сияқты негізгі бағыттар талқыланды.Телемедицина — бұл заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, медициналық қызметтерді қашықтықтан көрсету әдісі. Ол дәрігер мен науқастың физикалық тұрғыдан әр жерде болуына қарамастан, диагностика, емдеу, бақылау және кеңес беру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Телемедицинаның басты артықшылығы — шалғай аймақтарда тұратын адамдардың білікті медициналық көмекке қол жеткізуі. Бұл әсіресе ауыл тұрғындарына, егде жастағыларға және қозғалысы шектеулі адамдарға тиімді. Телемедицина арқылы науқастар бейнеқоңырау, арнайы қосымшалар немесе порталдар арқылы дәрігермен байланыса алады.

Сондай-ақ, бұл әдіс уақыт пен қаражатты үнемдеуге, аурудың алдын алуға және созылмалы дерттерді тиімді басқаруға көмектеседі. COVID-19 пандемиясы кезінде телемедицина кеңінен қолданылып, оның маңыздылығы арта түсті.

Әрбір аймақ үшін облыстық перинаталдық орталықтардан жетекшілер бекітіліп, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету жолға қойылды. Қатысушылар №3 облыстық перинаталдық орталықтың құрылымдық бөлімшелері — ситуациялық орталық, телемедицина, неонаталдық және консультативтік-диагностикалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Аталған шара өңірлер арасында тәжірибе алмасуға, медицина ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға айрықша серпін берді.
Алдыңғы пост

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Алтын Ұя Балабақшасы. Бүгін – балалықтың бал дәуренімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басар сәт!

Келесі жаңалық

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Бабайқорған жббм" КММ-де 31 мамыр күні "Таза Қазақстан" акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасын тапты.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі