elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

Сауран аудандық емханасында «ДАМУ ЖӘНЕ ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ашылу салтанаты өтті.

22 июля, 2025
in Аймақ, Түркістан облысы, Әлеумет
0
Сауран аудандық емханасында «ДАМУ ЖӘНЕ ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ашылу салтанаты өтті.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Сауран аудандық емханасында «ДАМУ ЖӘНЕ ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ашылу салтанаты өтті.
Емханаға Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары М.Мамбетова, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинеколог дәрігері А.Андабасованың келіп қатысуымен, орталық қызметі ашылды. «Даму және ерте араласу орталығының» қызметі балалар арасында медициналық, әлеуметтік тәуекелдерді және өмірінің ерте кезеңінде даму ауытқуларын уақтылы анықтау, жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Орталықта жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларға аудиологиялық және психофизикалық скринингтік тексерулер жүргізу, тұрмыстық зорлық зомбылық пен балаға қатыгездіктің алдын алу, сонымен қатар баланы дұрыс тамақтандыру жөніндегі ұсынымдар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, «Даму және ерте араласу орталығында» жүкті әйелдер мен бес жасқа дейінгі балаларды әмбебап және прогрессивті патронаждық бақылаудың супервизиясы жүзеге асырылады. Аудандық емханада 2024 жылы «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» бағдарламасы және «Ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі» бағдарламасы бойынша 55 орта медицина қызметкері, 2025 жылы 43 орта медицина қызметкері біліктілігін арттырудан өткізілген. Нәтижесінде балаларға көрсетілетін педиатриялық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігі артып отыр.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ.

Келесі жаңалық

КӨГАЛДАНДЫРУ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН МЕН ҚХР ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі