Іс-шара 2025 жылдың 13 тамыз күні Отырар ауданы әкімінің үкіміне сәйкес құрылған жұмысшы топ пен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлесуімен Шәуілдір–Түркістан бағыты бойында ұйымдастырылды.Заңсыз аңшылық пен балық аулау жануарлар дүниесінің азаюына әкеледі. Кейбір жануарлар түрлері жойылып кету қаупінде тұр. Мысалы, ақбөкен, қоқиқаз сияқты сирек кездесетін жануарлар мен құстарды қорғау шаралары қабылданғанымен, браконьерлік олардың санына үлкен нұқсан келтіріп отыр. Орманды заңсыз кесу экожүйенің бұзылуына, ауа құрамының өзгеруіне, топырақ эрозиясына алып келеді. Ал өзен-көлдерді ластау су жәндіктерінің, балықтардың қырылуына, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын судың азаюына себеп болады.
Табиғатты заңсыз пайдалану әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да зиянды. Біріншіден, мемлекет бюджетіне түсетін салық пен айыппұлдан қағылады. Екіншіден, экологиялық апат аймақтарының көбеюі халықтың денсаулығына тікелей әсер етеді: тыныс жолы, жүрек-қан тамыр аурулары, аллергиялық сырқаттар артады. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнеді.
Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен заңнаманы күшейтіп, қатаң бақылау орнату қажет. Экологиялық мәдениетті арттыру, халық арасында табиғатқа жанашырлық сезімін тәрбиелеу маңызды. Әрбір адам табиғат байлығы шексіз емес екенін түсініп, оны қорғау мен сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін ұмытпауы тиіс.
Табиғатты заңсыз пайдалану – тек экологияның емес, бүкіл қоғамның проблемасы. Егер адамзат табиғатқа құрметпен қараса, жеріміздің байлығы сақталып, келешек ұрпаққа да таза ауа, мөлдір су, жасыл орман қалдыра аламыз.
