
Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылында «Мектеп пен отбасы: Адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық»,» Ақпараттық отадағы қауіпсіздік» тақырыбындағы жалпы мектеп ата-аналар комитетінің жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Г.М.Тажимбетова күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Бірінші мәселе бойынша жаңа оқу жылындағы «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – әділетті, жауапкершілікті, еңбекқор және отаншыл ұрпақ тәрбиелеудің негізі.Баланың адал азамат болып өсуі үшін мектеппен бірге отбасы мен қоғамның белсенді қатысуы қажет, өйткені бала – тек отбасының ғана емес, мемлекетіміздің болашағы. Мектептің тәрбиесі тиімді болуы үшін отбасы мен мектептің талаптары бірлікте болуы қажет; бала үйде де, мектепте де бірыңғай талап көрсе, саналы әрі тәртіпті тұлға болып қалыптасатындығын айтып өтті.
Келесі кезекте Ата-ана комитетінің төрайымы Н.Керимбаева және ДТЖЖО Г.Азтаева ата-аналар комитетінің 2025-2026 оқу жылына жаңа құрамы мен міндеттерімен таныстырып шықты. Сонымен қатар ДТЖО Г.Азтаева құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сыбайлас жемқорлықтың, буллинг және кибербуллинг, әлімжеттіктің алдын-алу мақсатында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Жиналысытың соңында әр түрлі мәселелер бойынша ата-аналармен сұхбаттасып, ашық әңгімелер жүргізілді. Жиналысқа ата-аналар белсене қатысып, , мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірдіріп, алдағы уақытта мектептің тыныс -тіршілігімен тығыз байланыс жұмыс атқаратындарын айтты.
