elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

БӨЛІМ БАСШЫСЫ «АЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ.

20 сентября, 2025
in Аймақ, Білім, Түркістан облысы, Қазақстан, Қоғам
0
БӨЛІМ БАСШЫСЫ «АЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ.
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
БӨЛІМ БАСШЫСЫ «АЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ
Қыркүйек айының 8-і күні бастау алған Қарағанды облысы «Спаск» әскери жаттығу орнында Республикалық «Алау» әскери патриоттық сайысы өз мәресіне жетті. Сайысқа Республикамыздың барлық облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жалпы 20 команда қатыстып 6 турдан бойынша сынға түсті .
Сайыс түрлері:
1. Саптық дайындық және патриоттық әнлер байқауы;
2. Автоматты толық емес бөлшектеу және жинау;
3. Белтемірде тартылу (Ұлдар);
4. Жатып денені көтеру;(Қыздар)
5. «Ерлікке жүрегіңмен жақындау» сайысы;
6. «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік!» жоба қорғау сайысы
Жалпы командалық есепте Түркістан облысының атынан қатысқан Кентау қаласы «Жас қыран» командасы жүлделі 1- орынды иеленіп қаламыздың абыройын асқақтатты.
16-қыркүйек күні Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы А. Ауелбеков жеңімпаздарды арнайы марапаттады.
Жас қыран командасы ның жетекшілері Хабибов Айбек, Камалов Суръат Пулатович.

Жеңіс құтты болсын!Отан сүйгіштік – әрбір азаматтың жүрегінде орын алатын ең асыл қасиеттердің бірі. Ол туған жерге, елге деген адалдық, құрмет, сенім және сүйіспеншілік сезімдерінен құралады. Адам өзінің Отанының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлеп, тәуелсіздігін қорғауға, дамуына үлес қосуға талпынғанда ғана нағыз отансүйгіш бола алады.

Отан сүйгіштік – ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Қазақ халқы үшін туған жердің әрбір тасын, өзен-көлін, даласын қорғау – қасиетті борыш саналған. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәні зор. Әуелі шаңырақтағы тәрбие арқылы бала туған жерін сүюге, ата-анасын құрметтеуге, елін қорғауға баулиды. Сондықтан да мектеп пен отбасы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

Отанға деген сүйіспеншілік – тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелденуі тиіс. Еліміздің абыройын арттыру, білім алып, ғылым мен техникада жетістікке жету, туған жердің табиғатын аялау, мемлекеттің заңдары мен рәміздерін құрметтеу – отансүйгіштіктің нақты көрінісі. Әрбір азаматтың еңбегі, адалдығы, жауапкершілігі елдің өркендеуіне тікелей әсер етеді.

Тәуелсіз Қазақстанда отансүйгіштік сезім – мемлекет тұрақтылығының кепілі. Елін сүйген азамат қиындыққа мойымай, болашағына сеніммен қарайды. Жастардың бойында патриоттық рухты көтеру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені, ел ертеңі – жас ұрпақтың қолында.

Қорытындылай келе, Отан сүйгіштік – адам өміріндегі ең биік құндылықтардың бірі. Туған жерін сүйген, халқының мүддесін қорғаған, елін өркендетуге үлес қосқан әрбір азамат – нағыз патриот. Отанды сүю – жүректен басталып, бүкіл өмірлік іс-әрекетімізде көрінуі қажет.

 

Алдыңғы пост

«Таза Қазақстан» акциясы.

Келесі жаңалық

Республика күніне орай рәміздерімізді насихаттау іс-шарасы .

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі