


Кентауда «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында мемлекеттік құзырлы органдармен кездесу өтті
Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 18 қыркүйек күні қала прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ» жобасының жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары – Байболова Ақнұр Нұралықызы, Кентау қаласының аға прокуроры, І санаттағы заңгер Абилкасимов Бақберген Дүйсенбекович, ІІБ ЖПҚб УПИ полиция майоры Ахметов Жанболат Саруарұлы, білім бөлімінің әдіскері – Күзембаева Нурипа Оралбекқызы, мектеп директоры Б.Бөрібайқызы және тәрбие орынбасарлары мен педагог-психолог қатысты.
Кездесу барысында аға прокурор Абилкасимов Бақберген Дүйсенбекович оқушыларға «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз балалық шақ» жобасының мақсатымен таныстырып өтті. Балалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың әлеуметтік және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды ерте анықтап, оларды түзету үшін қажетті шараларды қабылдау мақсатында «Заң және тәртіп» қағидатын басшылыққа алып,, кәмелетке томағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы 9-11 сыныптары үшін дайындалған слайдты көрсете отырып, оқушыларға құқықтық кеңестер берді.
