
өз мұғалімдеріне деген құрмет пен алғыстарын білдірді.Ұстаз — адам баласының өміріндегі ең қадірлі де құрметті тұлғалардың бірі. Ұстаз — тек білім беруші ғана емес, ол – шәкірттің бойына ізгілік, мейірім, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді сіңіретін рухани тәрбиеші. Ұстаздың еңбегі қоғамның барлық саласында айқын көрініс табады, өйткені кез келген маман иесі ең алдымен мұғалімнен тәлім алады. Сондықтан да халықта «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген қанатты сөз бар.
Нағыз ұстаз өз мамандығына шын берілген, шәкіртінің болашағына бейжай қарамайтын, әр баланың жүрегіне жол таба білетін тұлға. Ол біліммен қатар тәрбие береді, өмірдің дұрыс бағытын көрсетеді. Ұстаз шәкіртінің жетістігіне қуанып, оның кемшілігін түзетуге тырысады. Ұстаздық — үлкен жауапкершілікті, сабыр мен төзімділікті қажет ететін киелі мамандық. Мұғалім әрдайым өзін жетілдіріп, заман талабына сай білімін толықтырып отыруы тиіс.
Қазіргі заманда ұстаздардың рөлі одан сайын артып отыр. Өйткені жаңа технологиялар мен ақпараттар дәуірінде жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, адами құндылықтарды сақтау — ұстаздың басты міндеті. Ұстаздың сөзі мен ісі, жүріс-тұрысы, киім киісі – бәрі де шәкіртке үлгі. Мұндай жауапкершілік екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан ұстаздықты жүрек қалауымен таңдаған адам ғана өз ісінің нағыз шебері бола алады.
Ұстаз еңбегінің жемісі – елдің ертеңі. Шәкіртінің биік белестерді бағындырғанын көрген ұстаз үшін одан асқан бақыт жоқ. Әр оқушының жүрегінде өз ұстазына деген ерекше құрмет пен алғыс сезімі өмір бойы сақталады. Халық даналығында «Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі» деп тегін айтылмаған.
Қорытындылай келе, ұстаз — адамзат өркениетінің негізін қалаушы, ұлт болашағын тәрбиелеуші ұлы тұлға. Ұстазға құрмет – білімге, парасатқа және болашаққа құрмет. Сондықтан әрқайсымыз ұстаз еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы орнын биік ұстауымыз қажет.
