elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

4 сынып оқушылары арасында «Кім боламын» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.

20 октября, 2025
in Аймақ, Білім, Мәдениет
0
4 сынып оқушылары арасында «Кім боламын» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

  

Сауран  ауданы білім бөліміне қарасты,«Ұлықбек атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1- 4 сыныптар арасында кәсіби бағдар берудің алғашқы шарттары бойынша іс шара ұйымдастырылды. (Ата – аналардың қатысуымен ашық сабақтар мен сынып сағаттары, жеке консултациялар). «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 4 сынып оқушылары арасында «Кім боламын» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты – о қушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Іс шара сайыс түрінде ұйымдастырылды. Сайыс 3 кезеңнен құралды. Бірінші кезең «Мамандықтармен танысамыз» тақырыбында, екінші кезең сурет арқылы мамандықты тану, үшінші кезең мамандық бойынша шығармашылық жұмыс (сахналық көрініс). 4 «А» «Б» «Б» «Г» сынып оқушылары қызыққан мамандықтары бойынша бақ сынады және мектепішілік мақтау қағаздарымен марапатталды. Бас жүлде 4 «А», бірінші орын 4 «Б», екінші орын 4 «Г», үшінші орын 4 «В».

Қазіргі таңда еліміздің экономикасы мен қоғамының дамуы білікті жұмысшы мамандарға тікелей байланысты. «Жұмысшы мамандық жылы» деп жариялануы – осы саладағы еңбек адамдарына деген құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі. Бұл бастама арқылы мемлекет жастарды қол еңбегіне, нақты кәсіп иесі болуға, адал еңбектің қадірін түсінуге шақырады.

Жұмысшы мамандық иелері – елдің дамуының негізгі тірегі. Олар зауытта, фабрикада, құрылыс алаңында, ауыл шаруашылығында, көлік пен байланыс саласында еңбек етіп, қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді. Әрбір ғимарат, жол, техника немесе тұрмыстық құрал – олардың маңдай терінің нәтижесі. Сондықтан жұмысшы еңбегін бағалау – ел болашағын бағалау деген сөз.

Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Заманауи технологиялар мен өндіріс салалары жаңа білім мен тәжірибені талап етеді. Осыған байланысты кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру, жастарды өндірістік тәжірибеге бейімдеу – басты міндеттердің бірі.

Жұмысшы мамандық жылы – жас ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен мүмкіндік. Бұл жыл еңбек адамдарының қоғамдағы беделін көтеріп, олардың еңбегін құрметтеуді насихаттайды. Нағыз табыс пен жетістік – адал еңбек пен өз ісіне деген сүйіспеншілікте екенін ұғындырады.

Қорыта айтқанда, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу – ел болашағы үшін маңызды қадам. Себебі еңбек адамы – қоғамның жүрегі, ал олардың еңбегі – елдің өркендеу кепілі.

Алдыңғы пост

“Әділет — адалдықтың айнасы”.

Келесі жаңалық

Белсенді оқыту – сапалы білімнің негізі!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі