elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

Мектеп медбикесі Умарова Элмира «Жеке бас гигиенасы» туралы баяндама оқыды.

20 октября, 2025
in Аймақ, Білім, Таным
0
Мектеп медбикесі Умарова Элмира «Жеке бас гигиенасы» туралы баяндама оқыды.
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің Адал азамат тәрбие жоспары бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Досанова Балжан мектеп медбикесі Омарова Эльмираның ұйымдастыруымен қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналыста жас өспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және болдырмау мақсатында «Ерте жүктіліктің алдын алу-Болашаққа жауапкершілікпен қарау» тақырыбында Шаға ауыл округының амбулаториясының психологы Жүнісбек Мақбал Оралбекқызы мектебіміздің қыздарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп медбикесі Умарова Элмира «Жеке бас гигиенасы» туралы баяндама оқыды.

Мектебіздің тәрбие орынбасары Досанова Балжан қыздарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды.Ерте жүктілік – қазіргі қоғамдағы өзекті әлеуметтік және медициналық мәселелердің бірі. Ол көбіне 13–18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында кездеседі. Бұл құбылыс жас адамның денсаулығына, психологиялық күйіне, болашағына және қоғамға да үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан ерте жүктіліктің алдын алу – ата-аналар, ұстаздар, дәрігерлер және қоғамның ортақ міндеті.

Біріншіден, ерте жүктіліктің басты себебі – жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесінің жеткіліксіздігі. Көптеген жасөспірімдер адам ағзасының физиологиялық өзгерістерін, жыныстық қатынастың салдарын толық түсінбейді. Осыған байланысты мектептер мен отбасыларда жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Ата-аналар балаларымен ашық сөйлесіп, сенімді қарым-қатынас орнатса, олар дұрыс ақпаратты дер кезінде ала алады.

Екіншіден, ақпараттық сауаттылықты арттыру маңызды. Қазіргі жастар интернеттен алынған қате немесе бұрмаланған ақпаратқа сеніп жатады. Сондықтан дәрігерлер мен педагогтар жасөспірімдерге арнайы дәрістер, семинарлар өткізіп, ғылыми негізделген деректермен бөлісіп отыруы керек.

Үшіншіден, ерте жүктіліктің алдын алу үшін өмірлік құндылықтарды насихаттау да үлкен рөл атқарады. Әр жас адам өз болашағына жауапкершілікпен қарап, білім алудың, мамандық иесі болудың маңызын түсінуі қажет. Мектептер мен жастар ұйымдары арасында «Отбасылық құндылықтар», «Жауапты мінез-құлық» сияқты тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылуы тиіс.

Сонымен қатар, медицина саласында да алдын алу шаралары қарастырылуы керек. Жасөспірімдер арасында гинекологиялық кеңес беру кабинеттері, психологиялық көмек орталықтары жұмыс істеуі қажет. Мұндай қызметтер жастарға өз денсаулығын қорғауға және саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Қорытындылай келе, ерте жүктіліктің алдын алу – тек тыйым салу емес, жастарды өмірге, жауапкершілікке, өз-өзін тануға үйрету процесі. Әрбір жасөспірім өз болашағын ойлап, дұрыс таңдау жасай білсе, қоғамда бұл мәселенің азаюы әбден мүмкін.

Алдыңғы пост

5-7 сыныптар арасында “Топжарған” атты сайыс сабағы ұйымдастырылды.

Келесі жаңалық

"Жас құтқарушы" атты мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық слет.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі