
«Мен жұмысшымын!» – Еңбекке құрметтен басталады!
2025 жылдың 15-қазан күні «Құмтүйін» жалпы білім беретін мектебінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 9-сынып оқушылары арасында «Мен жұмысшымын!» тақырыбында эссе жазылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін түсіндіру, еңбекке деген құрметті қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту және болашақ кәсібін саналы таңдауға жол көрсету.
Эссе жазу барысында оқушылар әртүрлі еңбек иелерінің қызметі жайлы ой бөлісіп, қарапайым жұмысшының қоғамдағы орнын терең түсінуге тырысты. Олар еңбек – адамның ар-ожданы, білімі мен білігінің көрінісі екенін нақты мысалдармен жеткізді.
Бұл іс-шара еңбекке баулу мен тұлғалық даму бағытындағы тәрбиелік мәні зор маңызды қадам болды.
