elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

КӘСІБИ БАҒДАР.

26 октября, 2025
in Аймақ, Білім
0
КӘСІБИ БАҒДАР.
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
КӘСІБИ БАҒДАР.
«Менің болашақ мамандығым» сурет байқауы .
«М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-8 сынып оқушыларымен мектептің кәсіби бағдар беру педагогі Ибрагимова Наргиза Фахриддиновнаның ұйымдастыруымен «Менің болашақ мамандығым» атты сурет байқауы болып өтті
Балалар өз армандарындағы мамандықтарды қиялымен өрнектеп, түрлі түсті бояулармен керемет туындылар жасады. Дәрігерлер, мұғалімдер, ғалымдар, өрт сөндірушілер мен ғарышкерлер – бәрі де оқушылардың шығармашылығында шынайы бейнеленді.

 Байқау жеңімпаздары мен белсенді қатысушылар алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.Жұмысшы мамандар – кез келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының тірегі болып табылады. Қазақстанда 2025 жыл «Жұмысшы маман жылы» деп жариялануы – осы саланың маңызын арттыруға, еңбек адамдарының беделін көтеруге бағытталған маңызды бастама. Бұл жыл еңбекқор, кәсібіне адал азаматтарды қолдау мен олардың қоғамдағы орнын айқындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда елдің индустриялық-инновациялық дамуында жұмысшы мамандардың рөлі ерекше. Өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика сияқты салаларда білікті кадрларсыз ешқандай жетістікке жету мүмкін емес. Сол себепті кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамыту, жастарды нақты мамандықтарға баулу – басты міндеттердің бірі болып отыр.

Жұмысшы маман жылы аясында кәсіптік білім беретін оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту көзделген. Бұл өз кезегінде студенттердің тәжірибеден өтуіне, кейін тұрақты жұмысқа орналасуына жол ашады. Сонымен қатар еңбек адамдарының мәртебесін арттыру мақсатында түрлі байқаулар, форумдар, марапаттау рәсімдері ұйымдастырылып келеді.

Мемлекет тарапынан жастарды еңбекке баулуға, кәсібін сүюге үйретуге ерекше көңіл бөлінуде. Себебі еңбек – қоғамның іргетасы, ал еңбек адамы – оның жүрегі. Әрбір жұмысшы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, сапалы еңбек етсе, еліміздің дамуы да соғұрлым жылдам қарқын алады.

Қорытындылай келе, «Жұмысшы маман жылы» — тек атаулы жыл емес, бұл қоғамның еңбек адамдарына деген құрметін арттырудың, жас ұрпаққа еңбекқорлықты дәріптеудің символы. Жұмысшы мамандардың еңбегі елдің өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына тікелей әсер ететін маңызды күш болып қала береді.

Алдыңғы пост

Бүгін – жүректен жүрекке жол табатын, бала күлкісінің шуағын сыйлайтын ұстаздар күні!

Келесі жаңалық

 Инновациялық жобалар арқылы мектептің әлеуетін көтеру.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі