elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢА АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ.

23 августа, 2025
in Аймақ, Таным, Түркістан облысы, Қоғам, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢА АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢА АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ.
Бүгін Жұмысшы мамандықтар жылы және Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жаңа автобустардың желіге қосылу шарасына қатысып, жұмысшы мамандармен кездесті.
Салтанатты шара барысында «Жолаушы» ЖШС директоры Рахымжан Еркінов жаңа автобустармен автопарктің мүмкіндіктерін таныстырып, көліктердің артықшылықтарын атап өтті.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 190 қоғамдық көлік 21 бағытта қызмет көрсетеді. Бұл бағыттарда 300-ге жуық жумысшы еңбек етеді. Жыл соңына дейін қосымша 60 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жұмысшы мамандармен кездескен қала басшысы ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келген сала өкілдеріне алғысын білдіріп, медалдармен марапаттады.
-Жылдар бойы таң атқаннан кеш батқанға дейін жүргізушіден бастап техник-механикке, диспетчерден кондукторға дейін – барлығыңыз маңдай термен қаламыздың дамуы мен халықтың игілігіне қызмет етіп келесіздер. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Автопарк бүгін көптен күткен 16 жаңа заманауи автобуспен толығып отыр. Жыл соңына дейін қосымша 10 жаңа автобус алуды жоспарлап отырмыз,- деді Әзімбек Пазылбекұлы.
Айта кетейік, қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жаңа автобустар заманауи үлгіде бейнебақылау камерасымен, кондиционермен, электронды билет жүйесімен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арнайы пандустар қарастырылған.
Сондай-ақ, шараға Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, «Жолаушы» ЖШС құрылтайшысы Рахым Көлбайұлы, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы, айтыскер ақын, облыстық маслихат депутаты Бекарыс Шойбеков құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерлерге «Алғыс хат» табыстады.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ.

Келесі жаңалық

Бүгін -жас ұрпақтың болашағына нұр шашқан,үміт пен қуанышқа толы күн.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі