elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Таным

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МӘЖІЛІС ӨТТІ.

27 июня, 2025
in Таным, Қоғам
0
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МӘЖІЛІС ӨТТІ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МӘЖІЛІС ӨТТІ.
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бірлесіп, «Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі» тақырыбында құқықтық мәжіліс ұйымдастырды.
Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы қатысып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Аталған жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құқықтық сана мен заңға бағыну мәдениетін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында жарияланған «Заң және тәртіп» апталығы аясында өткізілді. Апталық шеңберінде 2025 жылғы 23–27 маусым аралығында республика көлемінде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.
Мәжіліс барысында аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков апталық аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаудың маңыздылығын атап өтті:
«Заң — бұл жазалау құралы ғана емес, ол қоғам өмірін реттейтін, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған тетік. Ал тәртіп – осы заң талаптарын күнделікті өмірде мүлтіксіз ұстанудың белгісі. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз», – деді аппарат басшысы.
Шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы бейнематериал арқылы баяндама жасап, адалдық қағидаттары мен құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы жөнінде кеңінен тоқталды.
Жиын соңында аппарат басшысы құқықтық тәртіп пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында барлық сала мамандарының бірлесіп жұмыс істеуі қажеттігін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді:
«Қоғамда қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастыру – әрбір азаматтың борышы. Заң мен тәртіпті сақтау – тұрақты дамудың және ел ішіндегі келісім мен бірліктің негізі», – деді Қуаныш Әлібеков.
Алдыңғы пост

Түркістан облысының денсаулық басқармасына қарасты, Қазығұрт Орталық Ауруханасы, «ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ-ДЕНІ САУ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ».

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2 000-ҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі