elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Білім

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 500-ДЕН АСТАМ БАЛА ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ.

27 августа, 2025
in Білім, Әлеумет
0
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 500-ДЕН АСТАМ БАЛА ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 500-ДЕН АСТАМ БАЛА ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ.
Түркістан қаласында жаңа оқу жылының басталуына орай дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аталып өтті. Оқушылар сарайында өткен шараға қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы, маслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала прокуроры Қаукен Бахтыбайұлы, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы да арнайы қатысып, балаларды оқу жылының басталуымен құттықтады.
Шарада 500-ден астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтары табысталды. Қыркүйек айының соңына дейін 5000-нан астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сый-сияпаттар үлестіру жоспарлануда.
Оқу жылының басталуымен құттықтаған Әзімбек Пазылбекұлы барлық оқушылар мен ата-аналарына және ұстаздарға сәттілік тілеп, білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
-Бұл күн – білім мен ғылымға жасалған маңызды қадам, болашаққа бастар жолдың алғашқы белесі. Түркістан қаласында бүгінде 85 мектепте 55 мыңнан астам оқушы білім алуда. Сондай-ақ, 150 балабақшада 17 мыңнан аса бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Биыл 4 мектепке күрделі жөндеу, 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім ордаларында балалардың сапалы білім алуымен қатар, спортпен, өнермен және ғылыммен айналысуына толық мүмкіндік жасалған, – деді қала әкімі.
Айта кетейік, түркістандық оқушылардың жетістіктері де орасан. Өткен оқу жылында 178 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 250 түлек «Үздік аттестатқа» ие болды. Сондай-ақ, мектеп бітірушілердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орындарына түсті.

 

Ағалық Болашақ

  • 13 нед.
  • Ответить

Бахытжан Мамрайым

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысқан «Мектепке жол» акциясы 500-ден астам оқушыға қолдау көрсетті. 5000-ға жуық балаға мектеп құралдары тарату жоспарлануда. Білімді ұрпақ – болашағымыз!…
  • 13 нед.
  • Ответить

Қаршыға Еркінбекқызы

Сауапты істеріңіз еселенсін!
Мұндай игі жұмыс қашан да құрметке лайықты.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына үлес қосқан жомарт жүректі мейірімді жандарға Алла разы болсын!
  • 13 нед.
  • Ответить

Жаудир Алиханова

Алланың нұры жаусын қара халық осындай қолдауға мұқтаж.
  • 13 нед.
  • Ответить

Ұлжалғас Сүлейменова

Тамаша Алладан қайтсын
Ғаппар Сарсенбаев
Әзімбек Пазылбекұлы
Каукен Бахтыбайұлы
Жасулан Нысанбаев
  • 13 нед.
  • Ответить

Эльмира Реметова

Сауапты істеріңіз еселене берсін!
  • 13 нед.
  • Ответить
Қаршыға Еркінбекқызы

GIF

  • 13 нед.
  • Ответить
Багдат Елшибаев
  • 13 нед.
  • Ответить

Абдирахман Нуржанбаев

Керемет іс-шара!
  • 13 нед.
  • Ответить

Данияр Аюпов

  • 13 нед.
  • Ответить
Алдыңғы пост

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ.

Келесі жаңалық

«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында дәстүрлі Тамыз кеңесі ұйымдастырылды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі