elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 4 ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ.

8 августа, 2025
in Басты жаңалықтар, Таным, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДА 4 ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА 4 ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ.
Түркістан қаласында тағы 4 жаңа әлеуметтік дүкен ашылды. Енді қаладағы әлеуметтік дүкендер саны 30-ға жетті. Ғимараттар жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен салынып, игілікті бастама «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен серіктестікте жүзеге асырылуда. Жұмысын бастаған әлеуметтік дүкендерге тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізіліп, белгіленгенбағада халыққа ұсынылып жатыр.
— Түркістан облысында 39 әлеуметтік дүкен бар. Оның 7-еуі Кентау қаласында болса, 2-еуі Арыс қаласында, 30-ы Түркістанда орналасқан. Әрбір әлеуметтік дүкен көлемі — 50 шаршы метр. Бұдан бөлек, ірі сауда үйлерінде және 25 сауда орында әлеуметтік бұрыштар қарастырылған. Өңірдегі тауар өндірушілермен тығыз жұмыс істеп, аталған дүкендерге қажет өнімдерді жеткізуді ұйымдастырып келеміз. Мұнда тұрғындар күнделікті тұтынатын 19 түрлі тауар арнайы қолжетімді бағада сатылуда. Яғни, 40-50%-ға дейін төмен бағада ұсынылуда. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру және әлеуметтік дүкендер санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады, — деді «Түркістан» ӘКК» АҚ Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева.
Әлеуметтік дүкендер Жаңа қала шағын ауданында бой көтерген. Мекен-жайлары:
• 9-көше №20/3;
• 11-көше | №14/1;
• 24-көше №12/1;
• 24-көше №16/1
Әлеуметтік дүкендердегі 1️⃣9️⃣ түрлі тауардың 2025 жылғы тамыз айына бекітілген бағалары:
* Нан бөлкесі – 70 тг;
* Ас тұзы – 45 тг;
* Тауық жұмыртқасы — 40 тг;
* Қырыққабат — 65 тг;
* Пияз — 85 тг;
* Сәбіз — 110 тг;
* Картоп — 130 тг;
* Қарақұмық жармасы — 180 тг;
* 1 сұрыпты бидай ұны — 190 тг;
* Рожки — 260 тг;
* Тазартылған күріш — 350 тг;
* Қант-шекер — 390 тг;
* Пастерленген сүт (майлылығы 2.5%) — 370 тг;
* Айран майлылығы 2,5% — 370 тг;
* Күнбағыс майы — 550/585 тг;
* Тауық еті — 970 тг;
* Сүзбе (майлылығы 5-9%) — 1300 тг;
* Сиыр еті — 2000 тг;
* Сары май (72,5% майлығынан төмен емес) — 2300 тг.
Алдыңғы пост

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Келесі жаңалық

«TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРҒА СЕРПІН БЕРЕДІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі