КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ.Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы зор нысандарды аралау барысында жақында пайдалануға берілетін спорт кешендері мен мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Алдымен қала М.Төлебаев көшесінде орналасқан Ә.Нұрмаханов атындағы спорт кешенінде болды. Кешенде жасөспірімдер мен балалар күрес, бокс, футбол сынды спорт түрлерімен жаттыға алады. Жалпы аумағы 4000 м², ішкі алаңы 713,84 м² құрайтын заманауи спорт нысаны 2024 жылдың мамыр айында басталып, бүгінде толық аяқталған.
Қазіргі таңда қалада бұдан өзге спорттың күрес, бокс түрлеріне арналған 4 кешен — Мақатаев көшесінде, Бекзат мөлтек ауданында, Теріскей көшесінде және Баянауыл аумағында салынып жатыр.
Ал 500 орындық көрермен залы бар, заманауи талаптарға сай салынған көпфункционалды мәдениет үйінің құрылысы толық аяқталып, Конституция күніне орай көрермендерін қуанту үшін дайындықты бастап кетті.
Сапасы мен стандарттарға сәйкестігін бақылаған қала басшысы — Әзімбек Пазылбекұлы жауапты мердігер мекемелерге ескертпелер мен кемшіліктерді белгіленген мерзімде толық аяқтап, халық игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.
Әлеуметтік нысандар 29 тамыз күні ресми түрде ашылып, ел игілігіне табысталады.
Конституция — бұл мемлекеттің негізгі заңы, оның негізін қалайды. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет билігінің құрылымын, заң шығару, атқарушы және сот билігін анықтайды. Конституция қоғамдағы құқықтық тәртіпті бекітіп, заңдардың бәрінен биік тұрады. Ол тұрақтылық пен әділдікті қамтамасыз етеді, азаматтар мен мемлекет арасындағы қатынасты реттейді, демократиялық қағидаларды нығайтады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы қабылданған.
