elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ОТЫРАРДА МАҚТА ЖӘНЕ КҮРІШ АЛҚАПТАРЫНА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛДІ.

28 августа, 2025
in Аймақ, Таным, Түркістан облысы, Экономика
0
ОТЫРАРДА МАҚТА ЖӘНЕ КҮРІШ АЛҚАПТАРЫНА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛДІ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ОТЫРАРДА МАҚТА ЖӘНЕ КҮРІШ АЛҚАПТАРЫНА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛДІ.
Түркістан облысында су тапшылығын жою мақсатында су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары кеңінен қолданылып келеді. Соның бірегейі Отырар ауданы, Қарғалы ауылында жүзеге асырылып, тамшылатып суару әдісі арқылы күріш және мақта шаруашылығы қолға алынған. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, «Таймас-2024» ЖШС-нің мақта және күріш алқабының жұмысымен танысты. Инвесторлармен және алқап иесімен кездесіп, егістік жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Тың жобаларды қолдауға әрдайым дайын екенін жеткізді.
«Таймас-2024» ЖШС-нің директоры Төлеген Серікбаев облыс әкімдігінің үйлестіруімен шетелге іссапарға шығып, инвесторлармен келіскенін жеткізді. Осы арқылы жаңа жобасын жүзеге асыруда.
Егін алқабына су үнемдеу технологиясын енгізу арқылы күріш, мақта, пісте дақылдары жерсіндіріледі. Жоба құны – 2 млрд. теңге. Аталған жұмыстар инвестор тарапынан қаржыландырылады. Кешен аумағы 5 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 2300 гектар жерге мақта, 500 гектарға күріш, қалған 200 гектар жерге пісте дақылдары егілген. Алқап жұмыстарына 45 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Жоба қуаттылығына келсек, әр гектардан 50 центнер күріш алу көзделген. Мұнда 25 маусымдық жұмыс орны ашылған. Жаңа әдіс арқылы су бірнеше есе үнемделген.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнімінің көлемін ұлғайту бағытында бірқатар тапсырмалар берген-ді. Бұл бағытта Түркістан облысында мақсатты жобалар қолға алынып, бүгінде сапалы жұмыстар атқарылуда. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы алқаптарына су үнемдеу технологияларын 27 мың гектарға енгізу жоспарланып, қазіргі уақытта 59 мың гектар жерге ендірілген. 2028 жылға дейін жыл сайын 27 мың гектарға енгізу жоспарланса, облыста мүмкіндігіне қарай су үнемдеу технологияларын жыл сайын 50 мың гектарға ендіру көзделуде. Бұл әдіс ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Алдыңғы пост

ДОНОР БОЛ– ӨМІР СЫЙЛА!

Келесі жаңалық

Бүгін урология бөлімшесінде жоспарлы оталар сәтті өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі