elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

17 декабря, 2025
in Аймақ, Білім, Таным, Түркістан облысы, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында облыстағы әр саланың кіл мықтылары анықталып, «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті.
Аталған байқау, өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, ерекше үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп, жастардың жетістіктері мен олардың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ жастардың еңбекқорлығы мен ынтасын жоғары бағалап, әр салада үздік көрсеткіштерге қол жеткізген жастарға табыс тіледі.
Сонымен, «Үздік жас мұғалім» номинациясын бәйдібектік Әдбікәрім Андасұлы және сарыағаштық Дауренбек Миатұлы иеленді. «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша шардаралық Бексейіт Қанатұлы және бәйдібектік Лаура Нұрғалиқызы иемденді. «Үздік жас спортшы» номинациясына келестік Асылжан Есболұлы, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» номинациясына сарыағаштық Асель Еркінқызы лайық деп танылды. «Үздік бейбіт өмір батыры» аталымы ойынша төлебилік Асыл Хамитбекұлы топ жарды. «Үздік жас кәсіпкер» аталымы бойынша сарыағаштық Сұңқар Бердалыұлының бағы жанды. «Таза Қазақстан экологиялық жобасының үздік жасы» номинациясын қазығұрттық Ақтөре Мейіржанұлы қанжығасына байлады. «Үздік жас полиция қызметкері» аталымы бойынша түркістандық Бақытжан Үсенұлы марапатталды. Созақ және Қазығұрт пен Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы аталымы бойынша марапатталса, «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-нің маманы» номинациясы созақтық Зарина Қалдыбайқызына бұйырды.
«Үздік жас оқушы» аталымы бойынша түлкібастық Нұрислам Нурланұлына, «Үздік жас әнші» атанған түркістандық Ақгүлім Қайырбекқызына, «Үздік жас жұмысшы маман» аталымы бойынша Камила Рустемқызы марапатталса, «Үздік жас волонтер» номинациясын түркістандық Асылзат Батырбекқызы иеменденді. Сол секілді «Үздік жас блогер» номинациясы түркістандық Бақдаулет Ерланұлына бұйырды.
Бұдан бөлек «Үздік жас тілші» аталымы бойынша түркістандық Қымбат Мұнсызбайқызы және Жұлдыз Батырбекқызы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік жас отбасы» номинациясын сарыағаштық Әуезхановтар отбасы алса, «Үздік жас ІТ маман» болып сарыағаштық Низамаиддин Курванжанович лайық деп танылды. «Үздік шығармашылық ұжым» номинациясы «OzgeEpic CreativeHub» ұжымына бұйырды. Сондай-ақ «Үздік жас студент» аталымы бойынша жетісайлық Әдемі Муханқызы иемденді. Жастар сыйлығына әр аталым бойынша қаржылай сыйлық тағайындалды.
Алдыңғы пост

Сауран ауданында Болашақ прокурорлар клубы құрылды.

Келесі жаңалық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖӘНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТТАРЫ .

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі