elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ МЕН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА.

19 декабря, 2025
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Әлеумет
0
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ МЕН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ МЕН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй құрылыстарының барысын бақылап, бірқатар әлеуметтік нысандардағы жұмыстардың жай-күйімен танысты.
Алдымен қала басшысы әкімдік тапсырысы аясында салынып жатқан жалпы«Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстарын аралады. Аталған кешенде 10 көп қабатты тұрғын үй бой көтеруде. Оның ішінде 6 тұрғын үйден сатып алынатын арендалық бағыттағы 512 пәтер пайдалануға берілмек. Ал қалған 4 тұрғын үйдегі 432 пәтер «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотекалық кредиттік бағдарлама аясында тұрғындарға ұсынылады.
Құрылыс нысандарын аралау барысында қала әкімі тұрғын үйлердің сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекеме басшыларымен кездесті. Кездесу барысында анықталған кемшіліктерді жою, құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сай әрі уақытылы аяқтау қажеттігін қатаң ескертті.
Сонымен қатар Әзімбек Пазылбекұлы ипподромға апаратын жол бойындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Аталған аумақта 1500 дана ағаш отырғызылып, су ұңғымасы қазылып, автоматты суару жүйесінің құрылысы жүруде және биіктігі 2 метр болатын қоршаулар орнатылуда.
Аралау барысында қала басшысы денсаулық сақтау нысандарын да аралап, 1 мөлтек ауданында орналасқан №3 қалалық аурухана мен Н. Сандыбаев көшесіндегі №6 отбасылық ауруханасында болды. Алдағы жылға жоспарланған ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша сала мамандарымен кездесіп, халық денсаулығы әрдайым басты назарда болуы тиіс екенін, келушілерге барынша қолайлы жағдай жасалуы қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Әзімбек Пазылбекұлы биыл қолға алынған 32 көп қабатты ескі тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңғырту және әрлеу жұмыстарының орындалу барысын да бақылады.
Қала әкімі аталған жұмыстардың жүру қарқыны мен сапасы тікелей бақылауында екенін, барлық жауапты мекемелерге белгіленген жоспарларды сапалы іске асырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Сапалы тұрғын үй – қазіргі қоғамның айнымас әрі аса маңызды бөлігі. Ол тек баспана ғана емес, адамның өмір сүру сапасын, денсаулығын, қауіпсіздігін және әлеуметтік тұрақтылығын айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Тұрғын үйдің сапасы жоғары болған сайын, қоғамның да даму деңгейі артып, азаматтардың әл-ауқаты жақсара түседі.
Ең алдымен, сапалы тұрғын үй адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Жылы, жарық, таза әрі инженерлік жүйелері дұрыс жұмыс істейтін үйде тұру адамның физикалық және психологиялық жағдайын жақсартады. Ал керісінше, сапасыз, ескі немесе талапқа сай салынбаған үйлер түрлі аурулардың туындауына, күйзеліс пен әлеуметтік қиындықтарға себеп болуы мүмкін. Сондықтан тұрғын үй сапасы – халық денсаулығының маңызды көрсеткіші.
Сонымен қатар, тұрғын үйдің сапасы қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен тұрақтылыққа ықпал етеді. Қолжетімді әрі қауіпсіз үйлердің көптеп салынуы халықтың өмір сүру деңгейін теңестіруге, әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан тұрғын үй бағдарламаларының жүзеге асырылуы жастарға, көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік осал топтарға үлкен қолдау болып табылады.
Қазіргі заманда сапалы тұрғын үй экологиялық талаптарға да сай болуы тиіс. Энергия үнемдейтін технологиялар, экологиялық таза құрылыс материалдары және инфрақұрылымы дамыған аудандар болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастырады. Бұл – тұрақты дамудың маңызды бөлігі.
Қорытындылай келе, сапалы тұрғын үй – қоғам дамуының негізі. Ол адамның жеке өміріне ғана емес, тұтас елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер етеді. Сондықтан тұрғын үй құрылысының сапасына мән беру, оны қолжетімді ету – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
Алдыңғы пост

«Дара ұрпақ» театры ашылып, көрерменге «Жарық» мюзиклінің премьерасын ұсынды.

Келесі жаңалық

«ТАЙҚАЗАН» ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі