elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙТЫН «QAYDA ПРЕМИЯ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.

21 декабря, 2025
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Мәдениет, Таным, Түркістан облысы, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙТЫН «QAYDA ПРЕМИЯ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙТЫН «QAYDA ПРЕМИЯ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.
Түркістан қаласының үздік орындары мен қызмет көрсету саласының үздіктерін марапаттауға дәстүрлі «Qayda Премия by Tourism Awards» салтанатты кеші өтті.
Аталған кештің басты мақсаты – туризм, қызмет көрсету және қонақжайлылық саласында белсенділік пен бәсекелестікті арттыру, сапалы қызмет көрсетіп жүрген нысандар мен кәсіп иелерін бір ортаға жинап, үздіктерді анықтау. Анықтау жүйесі алдын ала тұрғындардың дауыс беруі арқылы жүргізілген.
Салтанатты кеш барысында жыл қорытындысы шығарылып, түрлі номинациялар бойынша үздік деп танылған орындар мен қызмет көрсету орындары марапатталды. Жеңімпаз номинация иегерлеріне арнайы статуеткалар табысталып, қатысушылар өз салаларындағы жетістіктерімен бөлісті.
Жергілікті кәсіпкерлер мен белсенді ұйым өкілдерінің басын қосқан Vendo Group өкілдерінің айтуынша, дауыс беру арқылы анықталатындықтан, қатысушылар белсенді атсалысып, қызмет сапасын біршама арттырған. Сонымен қатар, түрлі жеңілдіктер мен қолайлы бағалар ұсына бастаған.

Дәстүрлі түрде екінші рет өтіп жатқан шараға 400-ге жуық адам қатысып, кештің хедлайнерлері ретінде танымал өнер жұлдыздары Баян-Сұлу мен Бонапарт қатысқан.

«Qayda» сияқты премиялық және ынталандыру тетіктерін енгізу – біздің қаладағы қызмет көрсету мекемелерінің белсенділігін арттыруға бағытталған тиімді құралдардың бірі. Мұндай бастамалардың басты мақсаты – кәсіпкерлер мен қызмет көрсетушілерді сапалы жұмыс істеуге, клиенттерге ыңғайлы әрі заманауи сервис ұсынуға ынталандыру. Премиялар мен марапаттар мекемелер арасында бәсекелестікті күшейтіп, қызмет сапасының артуына, жаңа идеялар мен инновациялық шешімдердің пайда болуына жол ашады. Сонымен қатар, бұл жүйе тұтынушылардың пікірін ескеруге, кері байланысты жақсартуға және қала тұрғындарының сұранысына бейімделуге мүмкіндік береді. «Qayda» тәрізді жобалар арқылы қызмет көрсету саласында ашықтық пен жауапкершілік қалыптасып, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі. Нәтижесінде қала экономикасы жанданып, тұрғындар үшін қолайлы, сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету ортасы қалыптасады.
Алдыңғы пост

«ТАЙҚАЗАН» ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

Түркістан қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай «Жарқыра, Жаңа жыл шыршасы!» атты салтанатты кеш өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі