
Жаңа Конституциялық заңнама талаптарын түсіндіруге арналған семинар өткізілді.
Түркістан қалалық орталық ауруханасында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жаңа Конституциялық заңнама талаптарына арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында Конституциялық заңнамадағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндіріліп, олардың мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар қызметіндегі маңызы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және еңбек қызметінде заң талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнаманың талаптарын күнделікті қызметте дұрыс қолдану, қызметтік міндеттерді орындау кезінде құқықтық жауапкершілікті сезіну және құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар заңнамадағы жаңашылдықтарды іске асыру тетіктері түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы тәжірибелік түсіндірмелер ұсынылды.
Семинар ашық пікір алмасу форматында өтіп, қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды. Мұндай кездесулер ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын дұрыс түсініп, тәжірибеде тиімді қолдануына және құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.
Түркістан қалалық орталық ауруханасында қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған құқықтық, медициналық және басқарушылық бағыттағы оқыту іс-шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
