28 Шілде – Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні
Гепатит – бауырды зақымдайтын қауіпті ауру. Оның ең үлкен қаупі – көп жағдайда ешқандай белгісіз өтіп, кеш анықталуы.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:
Уақтылы медициналық тексеруден өтіңіз.
В гепатитіне қарсы вакцина алыңыз.
Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз.
Дәрігердің кеңесіне уақытылы жүгініңіз.
Ерте анықталған гепатиттің алдын алуға және асқынуын болдырмауға болады. Денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз!
Түркістан қалалық емханасы тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырады.
Гепатит – бауырдың қабынуымен сипатталатын ауру. Ол әртүрлі себептерден пайда болады. Ең жиі кездесетін түрлері – вирустық гепатиттер: А, В, С, D және Е. Сонымен қатар алкогольді шамадан тыс пайдалану, кейбір дәрі-дәрмектер, улы заттар, зат алмасу бұзылыстары және аутоиммундық аурулар да бауырдың қабынуына әкелуі мүмкін.
А гепатиті көбіне ластанған су немесе тағам арқылы жұғады. Ол әдетте жедел түрде өтеді және созылмалы түрге айналмайды. Алдын алудың негізгі жолдары – жеке бас гигиенасын сақтау, қауіпсіз су ішу, тағамды дұрыс өңдеу және вакцинация.
В және С гепатиттері анағұрлым қауіпті. Олар қан арқылы, стерильді емес медициналық немесе косметологиялық құралдардан, ортақ ине қолданудан, сондай-ақ қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін. В гепатиті анадан балаға да жұғуы ықтимал. Вирус ағзада ұзақ уақыт сақталып, созылмалы гепатитке, бауыр циррозына немесе бауыр обырына әкелуі мүмкін. В гепатитіне қарсы тиімді вакцина бар. С гепатитіне қарсы вакцина әзірге жоқ, алайда қазіргі заманауи вирусқа қарсы дәрілермен оны көп жағдайда толық емдеуге болады.
Гепатиттің белгілері әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Жиі кездесетін белгілеріне әлсіздік, тез шаршау, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсу, іштің оң жақ қабырға астындағы ауырсыну немесе ауырлық сезімі, дене қызуының көтерілуі жатады. Кей жағдайда тері мен көздің ағы сарғайып, зәрдің түсі қоюланып, нәжіс түсі ағаруы мүмкін. Алайда кейбір адамдарда, әсіресе созылмалы В және С гепатитінде, ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі байқалмайды. Сондықтан ауруды ерте анықтау үшін медициналық тексеруден өтіп, қажетті қан талдауларын тапсыру маңызды.
Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін сақтау, медициналық және косметологиялық процедураларда бір реттік немесе стерильді құралдардың қолданылуына көз жеткізу, бөтен адамның ұстарасы мен тіс щеткасын пайдаланбау маңызды. В гепатитіне қарсы вакцинациядан өту де сенімді қорғаныс тәсілдерінің бірі.
Бауыр – ағзадағы маңызды мүшелердің бірі. Сондықтан гепатитке күдік туындағанда өзін-өзі емдеуге болмайды. Дәрігерге қаралып, тиісті зертханалық тексерулерден өткен жөн. Ауруды ерте анықтау және дұрыс ем қабылдау бауырдың ауыр зақымдануының алдын алуға мүмкіндік береді.