
Тері лейшманиозының алдын алу бойынша семинар өтті.
Бүгін, 21 тамыз 2026 жылы Түркістан қаласында тері лейшманиозының алдын алу, ерте анықтау және емдеу мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинарды Түркістан облыстық дерматовенерологиялық диспансерінің мамандары өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің тері лейшманиозы туралы білімін арттыру, аурудың клиникалық белгілерін ерте анықтау, диагностикалау, емдеу және алдын алу шараларын түсіндіру.
Семинар барысында:
• тері лейшманиозының этиологиясы мен таралу ерекшеліктері;
• аурудың негізгі клиникалық белгілері;
• диагностикалау әдістері;
• емдеу тәсілдері;
• біріншілік және екіншілік профилактика шаралары бойынша ақпараттар берілді.
Іс-шараға Түркістан қаласы көлеміндегі медициналық мекемелердің дәрігерлері мен медицина қызметкерлері, оның ішінде жалпы тәжірибелік дәрігерлер, терапевтер, педиатрлар, инфекционист дәрігерлер және жекеменшік медициналық ұйымдардың мамандары қатысты.
Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
