«АСАРЛАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.«Таза Қазақстан» – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты аялауға бағытталған маңызды жалпыұлттық бастама. Оның басты мақсаты – туған жеріміздің тазалығын сақтау, елді мекендерді көркейту және келешек ұрпаққа таза әрі қолайлы орта қалдыру.
Табиғат – адамзаттың ортақ байлығы. Таза ауа, мөлдір су, жасыл желек пен құнарлы жер – өмір сүрудің негізгі кепілі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау әрбір азаматтың міндеті болуы тиіс. Өкінішке қарай, кейбір адамдар қоқысты кез келген жерге тастап, ағаштарды зақымдап, табиғатқа немқұрайлы қарайды. Мұндай әрекеттер қоршаған ортаның ластануына және экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, саябақтар, аулалар мен су айдындарының жағалаулары тазартылуда. Сонымен қатар ағаш отырғызу, көгалдандыру, қоқыстарды сұрыптау және табиғи аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шараларға мемлекеттік мекемелермен қатар, кәсіпкерлер, еріктілер, жастар және қарапайым тұрғындар да белсенді қатысуда.
Алайда тазалық тек сенбілік кезінде ғана сақталмауы керек. Әрбір адам күнделікті өмірінде тазалық мәдениетін ұстануы қажет. Қоқысты арнайы орынға тастау, суды үнемдеу, ағаштарды қорғау, қоғамдық орындарды таза ұстау – табиғатқа деген құрметтің белгісі.
Әсіресе жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру маңызды. Балалар мен жастар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп өссе, болашақта қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын азаматтар қалыптасады.
Қорытындылай келе, «Таза Қазақстан» – бір реттік науқан емес, әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс игі бастама. Туған жердің тазалығы өз қолымызда. Таза ел болу үшін әрқайсымыз өз ауламыздан, өз көшемізден және өзімізден бастауымыз керек. Өйткені таза Қазақстан – жарқын болашақтың негізі!
