elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Спорт

Түркістан: Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

30 апреля, 2021
in Спорт
0
Түркістан: Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласындағы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп — гимназиясының оқушылары Нұр –Сұлтан қаласында өткен «Ұлттық мектеп лигасы» республикалық турнирінен жеңіспен оралды. Волейболдан өткен жарыс жеңімпаздармен Түркістан облысы əкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевпен кездесті. Ел мерейін үстем еткен жас спортшыларға қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.
«Міндетті түрде ары қарай осы спортты дамытып, кәсіби деңгейге шығаруға күш салу керек. Біз тек қолдаймыз. Бұл жеңіс – өңіріміздің жастарына үлкен үлгі. Алдағы сайыстарда жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер, -деді облыс әкімінің орынбасары.
Облыс басшылығы тарапынан мектеп оқушыларының жаттықтырушы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұржігіт Шектібаевқа қошамет көрсетілді.
Ұлттық мектеп лигасы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда. Лига «Ұшқыр доп» (гандбол), «Теңбіл доп» (футзал), «Алтын доп» (баскетбол), «Шұбар доп» (волейбол), «Былғары доп» (футбол), «Былғары доп — Балдаурен» (футбол), Асық ату, бес асық, президенттік тест, үстел теннисі, тоғызқұмалақ жарыстарынан тұрады. Республикалық дода Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Щучье, Алматы, Семей, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Павлодар, Орал қалаларында өтіп жатыр.
Жалпы 9 спорт түрінен 34 жарыс өтеді, онда 3500-ға жуық оқушы қамтылады. Лигаға 850 төреші тартылған, 5-6, 7-8, 9-11 сыныптардың оқушылары қатысады, жарыстар 4 сәуірден бастап маусымның аяғына дейін жалғасады.
Алдыңғы пост

«Қайсар» Түркістанда ұпай жоғалтты: «Тұран» тағы тосын сый жасады!

Келесі жаңалық

Түркістан облысында Ұлы отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі