elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Қазақстан

ШЫМКЕНТ: АЛАШТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ

5 сентября, 2022
in Қазақстан
0
ШЫМКЕНТ: АЛАШТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр.
Ол- ақын, лингвист, әдебиетші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырды, ұлттық журналистиканы дамытқан ұлы тұлға.
Шымкентте ұлы тұлғаның 150 жылдығына орай «40 мысал, 40 мақал» атты көшпелі әдеби тіл керуені өтті. Оған қала әкімі М.Әйтенов және зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов қайраткердің қайсарлығы мен ұлтжандылығы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтті.

— Қазақ даласына терең біліммен қатар, саяси еркіндік қажет екенін терең түсінген ұлт ұстазы мемлекетшіл қайраткерге айналды. Алаш ардақтылары ұмтылған, бірақ көре алмай кеткен тәуелсіздікті көру, іргесін нығайту осы тұрған буынның маңдайына жазылған екен. Егемендігіміз баянды, елім деген ерлеріміздің еңсесі биік болсын!- деді, қала басшысы.

Өз кезегінде сөз алған басқа да зиялы қауым өкілдері де Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлігіне, шығармашылығына тоқталып, оның елі үшін еткен еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету жолында насихат жұмыстарын жалғатыра беру керектігін жеткізді.

Іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, қазақ композиторларының әндері шырқалды. Ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Айта кету керек, бүгін — Қазақстан халқы тілдері күні. 2017 жылы Үкімет қаулысымен Қазақстан халқы тілдерінің күні 22 қыркүйектен Ахмет Байтұрсынұлының туған күні, 5 қыркүйекке ауыстырылған болатын.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУДА ҚОҒАМНЫҢ КҮТКЕН ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАМТЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ҰЛТТЫҢ БАЙЛЫҒЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі