Аталған жүк Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» темір жол станциясына келіп жетті.
Сонымен бірге Тәжікстаннан 15 жүк көлігіне тиелген көмек те елімізге жеткізілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Тәжікстаннан жалпы 3500 тонна гуманитарлық көмек қабылданды.
Гуманитарлық көмекті Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, милиция генерал — полковнигі Рустам Назарзода бастап келді. Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық ресурстар агенттігі директорының орынбасары Сохиб Зиёдуллоев гуманитарлық көмек туралы құжатты салтанатты түрде тапсырд
Делегацияны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бастаған облыс тұрғындары күтіп алды. Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» теміржол станциясында іс-шара өткізілді.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Тәжікстан халқына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Аталған іс-шараға Сарыағаш ауданындағы тәжік этносының өкілдері, Сарыағаш ауданының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар да қатысты. Гуманитарлық көмекті бастап келген Тәжікстан Республикасының өкілдеріне құрмет көрсетілді. Құрылыс материалдары мен азық-түлік тиелген гуманитарлық керуен су басқан аймақтарға жіберіледі.